Мини тарттар

Қамыры:

  •  100 гр. шекер
  • 1 жұмыртқа
  • 100 гр. сары май
  • 1 ас қ. қаймақ
  • 2 ст. ұн
  • разрыхлитель

Ішіне:

  • кез-келген варенье
  • Қалаған жемістер.

Крем:

  • 2 жұмыртқаның ағы
  • 200 гр.шекер

Жоғарыдағы мәрзімелермен қамыр илеп, тоңазытқышқа жарты сағатқа қойыңыз. Қамырды арнайы қалыптарға салып, 180 градуста 15 минуттай пісіресіз. Жұмыртқаның ағы мен шекерді жақсылап миксерлеп кремді әзірлейсіз. Мен жұмыртқа салынған ыдысымды оттың көзінде қайнап тұрған судың үстіне қойып тұрып миксерлеймін, сонда креміңіз жылдам қатаяды. (Безе дайындағанда да осы әдіс жақсы нәтиже береді) Піскен тарттардың ішіне суытып барып, 1 шәй қасық вареньеден салып, сосын кремдерді кондитерлік шприцпен құйып, бетіне қалаған жемістермен әшекелейсіз. Мен алша вареньесін қолдандым.

Advertisements

Хала немесе дәмді нан

300 гр. жылы сүт
3 ас қ. сұйық май
1 жұмыртқа
2 ас қ. шекер
1 шәй қ. тұз
1 ас қ. дрожь

2 ас қ. бал

3 ст. ұн

Үстіне:
жұмыртқаның сарысы
мак

Жоғарыдағы мәрзімелермен қамыр илеп, жылы жерге 1,5-2 сағатқа қойып қойыңыз. Қамырыңыз ашыған соң қалаған формада бөлішкелер жасаңыз да, бетін орамалмен жауып тағы көтерілгенше қойып қойыңыз. 1 сағаттан соң үстіне жұмыртқа сарысынан жағып, мактан себіңіз. Ыстық пеште 350Фте қамырыңыздың үстілері қызарғанға дейін пісіріңіз.

Попкорн тауық

Өте дәмді тағам. Әсіресе кішкентайлар ұнатып жейтініне сенімім мол.
Мөлшерін көрсетпеймін. Бәрі көз шамасымен жасалынды.

тауық еті
сұйық май (қуыру үшін)

1) Ұн
тұз
қара бұрыш
пияз ұнтағы (пиязды үккіштен өткізсеңіз болады. Бірақ онда пиязды алдын ала етке жағасыз)

2) Жұмыртқаның ағы
сүт

3) нан ұнтағы

Тауық етін 1ші қоспаға шылап, сосын 2ші қоспаға батырып, сосын 3ші қоспаға аунатасыз. 🙂 2ші мен 3ші қоспамен процессті 2 рет қайталайсыз, сонда тауықтың сыртқы қабығы қалыңырақ, дәмді болады.
Қыздырылған майда сырты қызарғанға дейін қуырасыз.

Сүзбелі бөлішкелер немесе Погача.

2 ст. жылы сүт
100 гр. сұйық май
1 жұмыртқа
3 ас қ. шекер
1 шәй қ. тұз
1 ас қ. дрожь

Үстіне:
жұмыртқаның сарысы
кунжут

Ішіне:
ірімшік
акжелек (петрушка)

Жоғарыдағы мәрзімелермен қамыр илеп, жылы жерге 1,5-2 сағатқа қойып қойыңыз. Қамырыңыз ашыған соң жаңғақ көлемінде қамырлардан үзіп алып, арасына ірімшік пен акжелекті салып домалақтаңыз. Үстіне жұмыртқа сарысынан жағып, кунжуттан себіңіз. Ыстық пеште 350F-те қамырыңыздың үстілері қызарғанға дейін пісіріңіз.

Лоран бәліші

Өте дәмді бәліш.

Қамыр үшін:
ұн – 250 грамм
сары май – 125 г
жұмыртқа – 1 шт.
тұз – жарты шәй қ.
су – 3 ас қ.

Үстіне құйма:
Жұмыртқа – 2 шт.
Ірімшік (сыр) – 150-200 г
33%-ті қою сүт (сливки) – 150-200 г

Ішіне:
тауық еті (алдын ала қайнатылған) – 1 шт.
саңырауқұлақ – 10 шт.
пияз- 1/2 шт.

Қамыр илеп тоңазытқышқа қойып қойыңыз. Ішіне салатын саңырауқұлақ пен пиязды аздаған майға қызартып қуырып алыңыз. Енді алдын ала пісірілген тауық етін турап қосыңыз. Отты сөндіріп, тұз, қара бұрыш қосыңыз.
Бетіне құятын құймасын әзірлеңіз. Жұмыртқаны жақсылап миксерлеп,  сливкиді қосыңыз. Енді осыған үккіштен (теркадан) өткізілген ірімшікті араластырыңыз.
Тоңазытқыштағы қамырды бәлішті пісіретін табаңызға жайыңыз.


Ішіне тауық пен саңырауқұлақты төгіңіз. Оның үстіне ірімшіктен әзірлеген құйманы құйыңыз.


200 градуста 30-40 минут пісіресіз. Бәлішті ыстық күйінде жесеңіз өте дәмді.

Түйме печенье

– 1 жұмыртқа
– 100 гр. сары май
– 200 гр ұн
– 150 гр. шекер
– 2 ас қасық қаймақ
– разрыхлитель

үстіне:
-Варенье
– бір шәй қасық коррица мен қант
– жұмыртқаның ағы

Сары майды шекермен араластырыңыз. Жұмыртқа мен қаймақ қосыңыз. Ұн мен разрыхлитель қосып қамыр илеңіз. Жаңғақ үлкендігіндегі домалақтарды жасап, жұмыртқа ағына малып, корица мен қант қоспасына батырыңыз. Әр домалақтың ортасын тесіңіз. Енді 10 минутқа духовкаға қойып пісіріңіз.  Үсті қызарып піскен кезде, печенелерді пештен шығарып,  ортасына бір шәй қасықтан варенье құйыңыз. Мен алша мен шие вареньесін қолдандым.    Қайта пешке қойып 5 минут пісіріңіз.

Кокосты печенье

50 гр. үгітілген кокос талшығы
280 гр. ұн
50 гр. үгітілген миндал жаңғағы
70 гр. шекер
2 жұмыртқаның сарысы
200 гр. сары май
ванилин
тұз

Үстіне:
кокос
шекер пудрасы

Жоғарыдағы мәрзімелерді араластырып жұмсақтау қамыр илеп тоңазытқышқа 30 минутқа қойып қойыңыз.
Қалаған формада печеньелер әзірлеп 175 градуста 10 минут пісіресіз.
Дайын болған печенелерді біраз суытып барып, шекер пудрасы мен кокос талшықтарына аунатыңыз.
Печеньелер ыстық кезінде абайламасаңыз үгітіліп кетуі мүмкін.