Жент

Жент қазақтың ұлттық тағамы. Сірә бізден басқа ешбір ел жасамайтын болса керек, тіпті Қазақтардың ішінде де кеңге таралмаған, бірі білсе бірі білмес.
Бала күнімде есімде жентті апам ауызашарға дайындап жататын. Ал қазір бұл тағам біздің үйдің дастарханынан үзілмейді, мамамның жентін сағынатындығымыз соншалық, шет елге де асырып жатамыз, ешбір кедендік бақылаудан қорықпастан 🙂

 

 

  • 0,5 кг тары талқаны
  • 0,5 кг шекер
  • 300 гр. қара мейіз
  • 300 гр. ерітілген сары май

Жоғарыдағылардың барлығын жақсылап араластырып, дайын болған жентті суық жерге қоямыз. Жент қатқан соң кесіп-кесіп, дастарханға қойып, жей беруіңізге болады.
Қара мейіз үйде таусылып қалған соң сары мейіз қосқан едік суретте көрінбей қалыпты 🙂

Advertisements

Ким-Чи

k2.jpg 

  • 1 кг Қытай қырықжапырағы (немесе өзімізге белгілі капуста)
  • 2 ас қасық тұз
  • 1 литр суық су
  • 0,5 литр қайнаған су

Приправа үшін:

  • 1 ас қасық езілген сарымсақ (чеснок)
  • 1 ас қасық имбирь ұнтағы (ginger)
  • 1 ас қасық езілген пияз
  • 3-4 ас қасық ұсақталып туралған көк пияз
  • 1 ас қасық езілген қызыл ашты бұрыш
  • 2 шәй қасық шекер
  • 1 ас қасық тұз

Қырықжапырақтың жапырақтарын жекелеп арасына тұз себеміз. Үстінен суық су құйып, үстін жақсылап бастырып, суық жерге 8 сағатқа немесе бір түнге қойып қоямыз. Жапырақтарды жақсылап сығып, суын толық шығарамыз. Таза сумен бір рет шайқаймыз да, қырыққабаттарды кептіреміз.
Приправа әзірлейтін мерзімелеріміздің үстіне ыстық суды құйып, жақсылап араластырамыз. Енді осы приправаны әр жапырақтың арасына жақсылап жағамыз.  Дайын болған ким-чилерді шишадан жасалынған ыдыстың ішіне салып, жақсылап аузын бекітеміз. Суық жерде кем дегенде 2 күн тұруы қажет.

Жалпы бір кг қырықжапырақтан 1кг ким-чи шығады.
Негізі Кореа ким-чилері өте ашты болады. Сіз бұрышты қалауыңызша қосып, аштылығын өз талғамыңызға қарай әзірлеуіңізге болады.

Жаңа Жыл дастарханынан!

Өткен жексенбі күні Корей халқының Жаңа Жыл мерекесіне орай өткізген шет елдіктерге арналған фестиваліне барып қайттық. Корейлер қонақжайлылығын танытып, келген қауымға арнап дастархан жайып, ұлттық тағамдарынан да дәм татқызды. Сол дастарханнан Сіздерге сарқыт болсын, алған суреттерді ұсынамын 🙂
Сондай-ақ, шет елдіктерге өздерінің ұлттық тағамдарының қалай жасалатындығы жөнінде аспаздық дәрістерін өткізді. Үйренем деушілерге тек теориялық жүзінде ғана емес, практикалык тұрғыда да сабақтар өткізді. Менде қатысып, ким-чиді қалай жасау керектігін үйрендім 🙂
Айтпақшыдай осы фестивальда Бахытнұр досымыз дүниенің төрт бұрышынан жиналған қауымға елімізді таныстыру мақсатында presentation қойды, соңында қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй тартып, Корей халқын бір тамсандырып тастады. Бахытнұрға респект 😉

Күріштен жасалған, Корейлердің тәттісі.

Ким-чи

Жұмыртқадан жасалынған (арасында саңырауқұлақ бар)

Мынау фунчеза салатына ұқсайды, бірақ ішінде еттің орнына теңіз капустасы қосылған.

Мынау неше түрлі өсімдіктер. Төмендегі кішкентай күлшелердің арасына қалағаныңызды салып, орап жейсіз.

Әрине ақ күріштері мен ким жапырақтарынсыз Корейлердің дастарханын елестету мүмкін емес. Күрішті ким жапырақтарына орап жейді.

Мынау тағамның атын ұмытып тұрмын 🙂 есіме түскенде жазармын. Өтеее ашты тағам.

Корейлердің ең сүйікті тағамдарының бірі ТОК. Бұл да күріштен жасалады. Жасалу процесі өте күрделі екен.

Ал мынау мен ким-чи жасап жатқан. 🙂