Ашура

756

Advertisements

Хала немесе дәмді нан

300 гр. жылы сүт
3 ас қ. сұйық май
1 жұмыртқа
2 ас қ. шекер
1 шәй қ. тұз
1 ас қ. дрожь

2 ас қ. бал

3 ст. ұн

Үстіне:
жұмыртқаның сарысы
мак

Жоғарыдағы мәрзімелермен қамыр илеп, жылы жерге 1,5-2 сағатқа қойып қойыңыз. Қамырыңыз ашыған соң қалаған формада бөлішкелер жасаңыз да, бетін орамалмен жауып тағы көтерілгенше қойып қойыңыз. 1 сағаттан соң үстіне жұмыртқа сарысынан жағып, мактан себіңіз. Ыстық пеште 350Фте қамырыңыздың үстілері қызарғанға дейін пісіріңіз.

Сүзбелі бөлішкелер немесе Погача.

2 ст. жылы сүт
100 гр. сұйық май
1 жұмыртқа
3 ас қ. шекер
1 шәй қ. тұз
1 ас қ. дрожь

Үстіне:
жұмыртқаның сарысы
кунжут

Ішіне:
ірімшік
акжелек (петрушка)

Жоғарыдағы мәрзімелермен қамыр илеп, жылы жерге 1,5-2 сағатқа қойып қойыңыз. Қамырыңыз ашыған соң жаңғақ көлемінде қамырлардан үзіп алып, арасына ірімшік пен акжелекті салып домалақтаңыз. Үстіне жұмыртқа сарысынан жағып, кунжуттан себіңіз. Ыстық пеште 350F-те қамырыңыздың үстілері қызарғанға дейін пісіріңіз.

Чапче


Корей елінің тағамдарынан. Өте дәмді, тойымды және ұнатып жейтін салаттарымның бірі.

  • Күріш лапшасы (Фунчоза лапшасы)
  • 2 тал сәбіз
  • 300 гр. ет
  • 1 тал пияз
  • 2 жұмыртқа
  • 100 гр.кептірілген саңырауқұлақ (муги босот)
  • 150 гр. шпинат
  • 2 тал сарымсақ

соус:

  • 2 ас қ.соя соусы
  • 1 ас қ.кунжут майы

Етті ұзыншалап турап, қыздырылған өсімдік майына баяу отта піскенше қуырасыз.

Жұмыртқалардың ағы мен сарысын бөліп, жеке-жеке қуырасыз.

Пиязды турап, сәбізді үккіштен өткізіп, қуырылған еттен қалған майға қуырып алыңыз.

Саңырауқұлақтарды жылы суға 5-10 минутқа салып қоясыз. (Корейше аты муги босот, корей дүкендерінен таба аласыз). Шпинатты да қайнаған суға 5 минутқа салып алып, суын сорғытып алыңыз.

Лапшаларды да қайнаған суға 10-15 минутқа демдеп, сосын суын сорғытып тастаңыз.

Енді осылардың барлығын араластырып, ұсақтап туралған сарымсақты, соя соусын және кунжут майын қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Табаға салып барлығын араластырып бір қуырып жіберсеңіз де болады.  Жылыдай да, суықтай да жесеңіз дәмді. Етті кейде корейлілер соя соусы мен кунжут майына маринадтап қуырады, маған ондай тәсіл ұнамады, еттің дәмі мүлдем өзгеріп кететін болғандықтан. Саңырауқұлақ пен шпинатты қоспай-ақ жасасаңыз да болады.

Ким-чиде піскен балық

Корей тағамдарын сағынған кезде кей күндері осындай тағамдарды пісіреміз. Оңай, әрі өте дәмді.
Ким-чи
балық

Ким-чиді (грамдап ешқашан өлшемеппін. көз мөлшерімен шамалап 1үлкен кесе алам) қазанға салып 1 минуттай қуырып аламын. Балықтарды ким-чидің үстіне қойып, қазанның қақпағын жауып, отты ең төменгі дәрежеге басамын. Балығымыз піскенше шамамен 1 сағаттай отта қалдырасыз. Байқағаныңыздай не май, не тұз, не суда қоспайсыз. Ким-чидің шырынында балық піседі. Әзір болған балық та, піскен ким-чи де өте дәмді болады.

Кей күндері жұмыртқада қуырылған тубу да даярлаймын. 2 жұмыртқаны жақсылап миксерлеп, 0,5 шәй қасығы тұз салып, тубуны жұмыртқаға батырып, қазандағы майға қуырып аласыз. 

Julian, California.

Джулиан-өзінің жергілікті алмаларымен танымал жер. Таулы алқапта орналасқан шағын, ескі қалашық. Өзінің көк шалғынға оранған көркем табиғатымен тартымды жер. Тек қана алма өсірумен емес, басқа да көптеген жемістер өсірумен айналысатын жеміс-жидек, егістік шаруашылығымен айналысатын жер. Бір құрбымның Джулианға жолың түсіп жатса алма бәліштерінен (apple pie) ауыз тимей қайтпа дегені есімде еді.
Хош, содан Джулианға жолымыз түсіп саяхаттап қайттық. Әрине алма бәлішінен дәм тату да бұйырды, себебі екі қадам аттасаң алма бәліштерін сататын арнайы дүкендерді көреді екенсің. Дүкенде емес-ау, шағын бәліш зауыты десең болады. Себебі сенің көз алдыңда бәліштерді жасап, пісіріп жатады. Яғни бүкіл процесстің куәгері боласың.  Алма бәліштерінің дәмділігі тілмен айтып жеткізе алмастай. Содан бастап алма бәліштеріне деген ерекше аспаздық шабытым оянды. Жанылмасам содан бері 20 шақты алма бәлішінің түрін пісірген болармын. Алда солардың ішіндегі көңілден шыққандарымен бөлісермін инш.
Ал әзірге саяхаттан алынған суреттермен бөлісемін.  
Айтпақшыдай алмаларының дәмі дәл өзіміздің лимонник тұқымдас алмалардың дәмімен бірдей екен. Қазақстанның алмасын жегендей болдым.

Kofte

Түрік асханасынан.
ішіне:
500 гр. фарш
2 пияз
тұз, бұрыш
маи

сырты:
2 ст. булгур
2 ст. ыстық су
1 жұмыртқа
0,5 ст. ұн

Булгурды ыстық суға 15 минутқа бөктіріп қоясыз.
Фаршты майға қуырып, майдалап  туралған пиязды араластырып, тағы 5 минутай қуырамыз. тұз, бұрыш қосамыз.

Демделген булгурға жұмыртқа, ұн араластырып жақсылап илейміз. кішкене домалақ шелпектер жасап, ішіне фарштан қойып кофте жасаймыз.

Қыздырылған майда кофтелерімізді қызарғанға дейін қуырамыз.