Мұхит жағасындағы барбекью

Мұхит пен үйіміздің арасы 10 минуттай ғана қашықтықта. Кей күндері мұхит жағасына барып барбекью жасап, шашлык пісіріп, салқын самалдың астында толқындармен арпалысқан серфингистерді қызықтап, күннің қызарып батқанын тамашалап отырып тамақ ішкенді жақсы көреміз.

Advertisements

авокадодан қайықтар :)

3 авокадо
300 гр. алдын ала қайнатылған тауық еті
150 гр. ірімшік
2-3 ас қасық қаймақ
тұз.

Авокадоларды екіге бөліп, ішін аласыздар. тауық етін, авокадоларды турап, қаймақпен араластырасыз, тұздайсыз. бетіне үккіштен өткізілген ірімшіктерді сеуіп, пешке 350=15-20 минутқа қоясыз.

Kofte

Түрік асханасынан.
ішіне:
500 гр. фарш
2 пияз
тұз, бұрыш
маи

сырты:
2 ст. булгур
2 ст. ыстық су
1 жұмыртқа
0,5 ст. ұн

Булгурды ыстық суға 15 минутқа бөктіріп қоясыз.
Фаршты майға қуырып, майдалап  туралған пиязды араластырып, тағы 5 минутай қуырамыз. тұз, бұрыш қосамыз.

Демделген булгурға жұмыртқа, ұн араластырып жақсылап илейміз. кішкене домалақ шелпектер жасап, ішіне фарштан қойып кофте жасаймыз.

Қыздырылған майда кофтелерімізді қызарғанға дейін қуырамыз.

Жамчи Ким-Чи Пукымбап

dscf4814.jpg 

Яғни  Күрішпен араласқан Туна мен Ким-Чи дегенді білдіреді 🙂
Жасалынуы оңай, әрі жылдам. Біздің сүйкті тағамдарымыздың бірі.

  • 3 стақан күріш
  • 200 гр. ким-чи
  • 300 гр. туна балығы
  • 0,5 банка жасыл бұршақ
  • 1 пияз
  • сұйық май
  • тұз
  • жұмыртқа

Қазанда майды қыздырып, ірілеу етіп туралған  пиязды 1 минуттай ғана қуырамыз. Үстіне ким-чиді салып тағы 1 минуттай ғана қуырып, 3 стақан су құямыз. Қазан қайнаған соң тұз салып, алдын-ала жуылған күрішті салып қайнатамыз. Күрішіміз суға сәл ғана батып тұруы қажет. Қазан қайнаған соң, оттың астын пәсейтіп, күрішті демдейміз. Күрішіміз пісті-ау дегенде туна мен жасыл бұршақты араластырамыз. Енді тағы 5-10 минутқа демдеп қоямыз.
Ал жұмыртқаны адам санына қарай бөлек ыдыста қуырамыз. Тағам дайын болып, жеке-жеке ыдысқа салынғанда, қасына жұмыртқадан қоямыз. 🙂
 

Картопты рулет

3 тал ірі картоп
2 жұмыртқа
тұз, қара бұрыш

Ішіне:
1 ірі қызанақ
1 сәбіз
1 пияз
 
Картоптарды ірі үккіштен өткізіп, жұмыртқамен араластырамыз. Татымына қарай қара бұрыш және тұз қосамыз. Енді ыдыстың  астына қағаз төсеп, май жағып, қатоптарды тегістеп жаямыз. 20 минутқа пешке қоямыз.
Қыздырылған майға пияз бен сәбізді, қызанақты қуырып, тұз саламыз.
Қартоп піскен соң, пештен шығарып, үстіне сәбіз қуырмасын тегістеп жайып, рулет ретінде ораймыз.
Ішіне фарш та салуға болады, енді оны өзіңіздің қалауыңыз білсін.

Нан қуырдақ

 

  • 500 гр. ет
  • 4-5 тал картоп
  • 1 үлкен пияз
  • 1 тал үлкен сәбіз
  • 2 тал болгар бұрышы
  • 300 гр. қырыққабат
  • 2 тал қызанақ немесе томат пастасы
  • сұйық май
  • тұз (татымына қарай)
  • 2-3 стақан су

Қамыр үшін:

  • 1 жұмыртқа
  • 100 мл. су
  • 2 стақан ұн
  • тұз
  • бір пияз
  • сұйық май

Қамыр илеп, біраз уақытқа иін қандыру үшін ыдыспен төнкеріп қоямыз.
Енді жоғарыдағы көрсетілген көкөністерді турап, кезек-кезегімен қазандағы қыздырылған майға қуырамыз.
Әуелі етті жақсылап қуырып аламыз, сосын кезегімен пияз, болгар бұрышы мен сәбізді, қызанақты, сосын қырыққабатты, соңында барып картопты салып 3-4 минуттай қуырып, су құямыз. Су қазандағы қуырдақтарыңыздан аспауы қажет, екеуі бірдей көлемде болып тұрғаны жақсы.

Қазанымыз қайнағанша қамырды жаюға кірісейік. Иі қанған қамырды жұқалап  (шамамен 0,5 см) жайып, бетіне толықтай май жағамыз да, ұсақталып туралған пиязды себеміз. Енді қамырды бір ұшынан бастап дөңгелетіп ораймыз. Оралған қамырды қазандағы қайнап жатқан  еттердің бетіне айналдыра қойямыз. Оттың астын пәсейтіп, қазанның қақпағын мықтап жауып 30-40 минуттай пісіреміз. Қамыр осылайша қуырдақтың буына піседі. Дайын болған қамырды шет-шетінен кесіп, арасына еттерді орап жейді.

Астарыңыз дәмді болсын!

Покымпаб

 

Корей халқының ұлттық тағамдарының бірі. Жалпы бұл елдің асханасының 90 пайызы күріштен жасалынатын тағамдар. Егер сіз күріш сүйер қауымнан болсаңыз, әлі алда күріштен жасалынатын тағамдардың неше түрі ілінеді инш. Покымпаб қандай мағына беретінін білмеймін. Бірақ Сізге ұнайтындығын білемін. 🙂  Дәмді, әрі тез жасалынатын тағам. 

  • 1 пияз
  • 100-150 гр. шаяндар. (shrimp)
  • 3 жұмыртқа
  • томат н/е кез-келген приправа түрі (қызанақтан,ашты бұрыштан)
  • 2 стақан күріш (400гр.)
  • тұз жане сұйық май

Әуелі күрішті жуып, суға қайнатып, ақ палау әзірлейміз. Пиязды табадағы майға сарғайта қуырамыз. Үстіне шаяндарды және приправадан араластырамыз тағы 10 минуттай жәй отта қуырамыз. Жұмыртқаны бөлек ыдыста қуырып аламыз.Енді дайын болған палауға шаяндарды, жұмыртқаны араластырамыз. Осымен Покымпаб дайын!!!  Мен ашты бұрыштан жасалынған приправа қостым. Күрішті негізі арнайы пештер (рисоварка) бар, сондай пеште азірлесеңіз дәмді. Себебі отта, жай қазанда пісіргеннен гөрі, арнайы күріш пісіретін пеште пісіргеннің айырмашылығы көп.