Baby shower!

Capture111
Capture.222
Capture.555
Capture333
Capture.444
Capture.345
Осы Американдықтардың baby shower деген салты бар, Мұны біреу қолдаса біреу жақтырмайды. Жақтырмауының себебі ырымшыл халықпыз ғой мүмкін содан болар. Сәби дүниеге келмей жатып дайындық жасағаннан қорқамыз. Әйтеуір өзіме ұнайды. Мына суреттерде менің құрбымның сәбиіне қош келдің деп арнап жасаған party-ім. Осындай party жасап Сіздерде құрбыларыңызды қуантыңыздар!

Advertisements

Мини тарттар

Қамыры:

  •  100 гр. шекер
  • 1 жұмыртқа
  • 100 гр. сары май
  • 1 ас қ. қаймақ
  • 2 ст. ұн
  • разрыхлитель

Ішіне:

  • кез-келген варенье
  • Қалаған жемістер.

Крем:

  • 2 жұмыртқаның ағы
  • 200 гр.шекер

Жоғарыдағы мәрзімелермен қамыр илеп, тоңазытқышқа жарты сағатқа қойыңыз. Қамырды арнайы қалыптарға салып, 180 градуста 15 минуттай пісіресіз. Жұмыртқаның ағы мен шекерді жақсылап миксерлеп кремді әзірлейсіз. Мен жұмыртқа салынған ыдысымды оттың көзінде қайнап тұрған судың үстіне қойып тұрып миксерлеймін, сонда креміңіз жылдам қатаяды. (Безе дайындағанда да осы әдіс жақсы нәтиже береді) Піскен тарттардың ішіне суытып барып, 1 шәй қасық вареньеден салып, сосын кремдерді кондитерлік шприцпен құйып, бетіне қалаған жемістермен әшекелейсіз. Мен алша вареньесін қолдандым.

Птичье молоко 2

Рецепт мына жерде. Тек өзгешелігі маффин ыдысына тең келетіндей стақанмен бисквиттерден шеңбер кесіп алдым да, маффин ыдысының түбіне салып, ақ парақпен айналасын шеңбер жасап, суфлені соның ішіне құйып қатырдым. Суфле қатқан соң шоколадты суфленің үстіне құйып қатырдым. Шоколад қатты-ау дегенде шеңбер жасаған қағаздарыңызды алып тастаңыз. (Қағаздар оңай алынады). Құлпынайларды да шоколад глазурінің ішіне малып-ап тоңазытқышта қатырып, дайын болған пироженныйлардың бетіне қойдым.

Бал арасы торты

Қызымның екі жасқа толған туған күніне арнап пісірген тортым. Кәдімгі медовый торты. Медовый торт рецептерінің ішіндегі ең дәмдісі десем болады. Себебі бірнеше медовый тортын пісіргенмін, солардың ішінде ерекше ұнағаны осы болды. Енді медовый тортын пісіргенде үнемі қолданатын рецептім болады инш.

500 гр. ұн

2 жұмыртқа

200 гр. шекер

80 гр. сары май

115 гр. бал (3 ас қасық шамамен)

2 шәй қасығы ас содасы

крем үшін:

400 гр. Қаймақ

150 гр. қою сүт  (сливки 33%)

1 қоюлатылған тәтті сүт (сгущенка)

2 ас қасық бал

ара үшін:

қара шоколад

ақ шоколад

өрік дәнегі

Бисквиттерді пісіру үшін әуелі жұмыртқа мен шекерді жақсылап миксерлейміз. Сосын осы қоспаға бал, сары май және соданы қосып, осы ыдысымызды буға қоямыз. (Яғни қазандағы қайнап тұрған судың үстіне бисквитті әзірлеп жатқан ыдысыңызды қоясыз). Үнемі қозғап отыруыңыз қажет, қоңырқай түске айналып, өнім екі есеге ұлғайғанда ыдысыңызды оттан түсіресіз. Енді ұнды қосып, қамыр әзірлейсіз. Қамырдың бетін жауып қойыңыз. 10-15 минуттан соң қамырыңызды 3 бөлікке бөліп, бисквиттерді 200С-де пісіресіз. Өте жылдам піседі, абай болыңыз. Әр бисквит 5-7 минутта дайын болады.  Дайын болған бисквиттерді шеңбер ретінде формаға келтіріп, калған қамырды үгітіп алып қойыңыз торттың шетіне себесіз.
Крем үшін жоғарыдағы заттарды араластырып, жақсылап миксерлеп, біраз уақытқа тоңазытқышқа қойыңыз.
Торттың араларына, бетіне креміңізді жағып, қалауыңыз бойынша сәндеңіз.
Мен бисквиттың үгітінділерін шеттеріне сеуіп, бетіне шоколад пен өрік дәнінен аралар жасадым. Араларды көргенде қызымның қуанышында шек болмады. Бірінші аралардың қанаттарын теріп жеп алды. 🙂 Жаңғақ, өрік дәндерін қатты жақсы көреміз.
Сіздерде осындай торттардан жасап беріп кішкентайларыңызды қуантыңыздар.

Торт «Птичье молоко»

Бала күнімізде талай жеген, мен үшін ең дәмді торттардың бірі.
Осы тортты көптен бері пісіруді ойлап жүрген едім, бірақ ішіне желатин қосылатын болғандықтан, желатинді немен алмастырудың жолын іздеумен болдым. Сөйтіп, бір күні оның да шешімі табылды, қуанышымда шек болмады 🙂
Желатинді жапондық кантен немесе агар-агармен алмастыруға болады. Бұларды көбінде жапон, қытай дүкендерінен табасыздар.  Агар-агар мен кантен су асты өсімдіктерінен жасалынады. Және агар-агардың желатин секілді ерекше иісі болмайды. Яғни тәтті тағамдарға қолданғанға өте жақсы.
Бірінші рет пісіргендіктен торттың түріне қарап сөкпеңіздер 🙂
Дәмі өте тамаша болды. Бала күнімізде жейтін птичье молоконың дәл өзі 😉

Continue reading «Торт «Птичье молоко»»

Ертегі торты

Бала күнімізде жейтін <<Сказка>> торты көпшілігіміздің есімізде болар. Міне сол торттың рецептін бөліскелі отырмын. Түрі ұқсамағанымен,  дәмі дәл өзі 😉

dscf4846.jpg

  • 3 жұмыртқа
  • 1,5 стақан шекер (300гр.)
  • 200 гр. сары май
  • 1,5 стақан қаймақ.
  • 1,5 стақан ұн (300 гр.)
  • 1,5 шәй қасық сода
  • 0,5 сатқан мейіз
  • 0,5 стақан мак
  • 0,5 стақан ұнтақаталған жаңғақ

Крем:

  • 1 банка татті сүт (сгущенка)
  • 200 гр. сары май

Жұмыртқа+шекер+сары май+қаймақты араластырып, жақсылап миксерлейміз. Енді осыны 3 ыдысқа теңдей бөлеміз.
Бөлек табада 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан макты араластырамыз.
Осы ұн қоспасын бірінші табаға араластырамыз.
Тағы 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан мейізді араластырамыз.
Бұны екінші табаға араластырамыз.
Тағы 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан ұнтақталған жаңғақты араластырамыз. Бұны үшінші табамен араластырамыз.
Кезек-кезек арнайы торт пісіретін формаға құйып, 180 гр. 30 минуттан пісіреміз.

Крем үшін бір банка тәтті сүт пен сары майды жақсылап миксерлеңіз. Нандардың арасына, бетіне жағып, торттың бетіне жаңғақ ұнтақтары, шоколад ұнтағы және тәтті нан ұнтағынан себіңіз. Қалауыңызша сәндеңіз. 

Жаңғақ торты

  • 150 гр. ұн
  • 1/2 шәй қасық тұз
  • 1 шәй қасық разрыхлитель
  • 100 гр. шекер
  • 150 гр. жаңғақ + 150 гр. жаңғақ
  • 60 гр. сары май
  • 60 мл. сүт
  • 1 шәй қасық ванила ұнтағы
  • 2 жұмыртқа

Крем үшін:

  • 100 гр. сгущенка сүті
  • 100 гр. сары май

Табаның ішінде ұнды, тұзды, разрыхлительді және үгітілген жаңғақты араластырамыз.
Екінші табада ерітілген сары майды, шекерді және жұмыртқаларды жақсылап миксерлейміз. Енді осыны бірінші табадағы ұндарға қосып, жақсылап араластырып, осы қоспалардың үстіне сүтті, ванилинді араластырамыз. Жақсылап араластырып, арнайы торт пісіретін ыдысыңызға құйып, пешке қойыңыз. 200 градуста 40 минут пісіріңіз.
Кремді қарапайым тәсілмен даярладым, сгущенка сүті мен сары майды жақсылап миксерлеп, торттың ортасына және сыртына жағыңыз. Енді кремнің үстіне үгітілген жаңғақты себіңіз. Қалауыңызша сәндеңіз.
Жалпы жаңғақ қосылған торттарды ұнататындығымнан, торт дәмді шықты.