Картопты нан

Тойымды, дәмді таңғы ас.
3 Картошка
1 Жұмыртқа
1-2 ас қасық май
тұз, қара бұрыш.
4-5 тілім нан
Үккіштен өткізілген картошкаға жұмыртқаны, тұзды, қара бұрышты араластырасыз. Енді нанның бетіне картошкадан қойып, табадағы қыздырылған майға нандарымызды картошка салынған бетімен қойып жай отта пісіреміз. Табаның қақпағын жауып қоясыз. Картошкалар пісті-ау дегенде 5-7 минуттан кейін келесі бетіне аударамыз. Нандардың асты қызарған соң табадан түсіресіз.

Advertisements

Фарштан жасалынған ұя.

  • 500 гр. фарш (қалаған етіңізден)
  • 1 пияз
  • 1 сәбіз
  • 5 жұмыртқа
  • тұз
  • қара бұрыш

Пиязды ұсақтап тураймыз, сәбізді үккіштің ең кішкентай көзінен өткіземіз.
Еттің фаршына пияз бен сәбізді және бір жұмыртқаны араластырып, татымына қарай тұз бен қара бұрышты қосамыз.
Енді осы дайын болған фаршты төртке бөліп, ұялар жасаймыз. Ұялардың ішін тереңірек қылып, арқайсысына жұмыртқаларды жарып құямыз.

180гр. 40 минут пісіреміз.

Сәбізбен фаршталған құймақтар

dscf3566.jpg 

Құймақ үшін:

  • 1 стақан сүт
  • 2 жұмыртқа
  • 2 ас қасық шекер
  • 1 стақан ұн
  • 1/2 шай қасық сода
  • 1/3 шай қасық тұз
  • 2 ас қасық сұйық май

Ішіне:

  • 2 тал сәбіз
  • 2 жұмыртқа
  • тұз, бұрыш
  • 3 ас қасық сұйық май

Құймақ әзірлеу үшін жоғарыда көрсетілген қоспалардың барлығын араластырып, жақсылап миксерлейміз. Табаны сұйық маймен майлап, құймақтарды қасықпен құйып пісіреміз. Немесе табаны әркез майлап тұрғыңыз келмесе 2 ас қасық сұйық майды қамырға араластырып, табаны майламай-ақ пісіруіңізге болады.

Ал енді, ішіне салатын фаршты әзірлеу үшін алдымен жұмыртқаларды пісіріп аламыз. Сәбізді ірі үккіштен өткізіп алған соң, сұйық майға қуырамыз. Енді піскен жұмыртқаларды ұзынша етіп турап, сәбізге араластырамыз. Қалауыңызша тұз, бұрыш салып, дайын болған фаршты құймақтардың арасына салып, ораймыз. Табаға май құйып, фаршталған құймақтарымызды қайта екі жағына кезек-кезек аудара отырып қуырып аламыз. Құмақтарды маймен немесе қаймақпен жеген дәмді болады.