Smoothie

image2

Балаларға болсын, үлкендерге болсын осындай смути жасап берсеңіздер риза болатынына күмәнім жоқ. Денсаулыққа өте пайдалы, витаминдерге бай сусын.
Құрамында:
1 шабдалы
1 манго
1 банан
1 апельсиннің таза шырыны

Advertisements

Құлпынайлы смути

smuti.jpg 

  • 200 гр. құлпынай
  • 1 банан
  • 100 гр. айран
  • 100 гр. алма шырыны

Құлпынай мен бананды блендерде езіп, айран мен алма шырынын араластырасыз.
Смути дайын, әсіресе кішкентай балаларға жасап берсеңіз әрі денаулыққа пайдалы, әрі өтее дәмді сусын!!!

Апельсинді шырын

 

 Smoothie-американдықтардың сүйікті сусындары. Жаңа піскен жемістер мен сүт өнімдерінің (айран, қаймақ, йогурт), мұздың қосындысы арқылы жасалынатын таза жеміс сусыны. Бұл сусынның рецептін ең алғаш 1960 жылдардың аяғында Лузияналық Steve Kuhnau деген жас бала ойлап тапқан екен. Сөйтіп 1973 жылы ол жігіт өзінің арнайы рецептері бойынша жасайтын Смути Кинг деген компаниясын ашады. Осы компаниясы арқылы үлкен табысқа жетеді.

Ал қазіргі күні смутиді ішу үшін АҚШқа барудың қажеті жоқ. 🙂 Үйіңізде блендеріңіз болса бақшаңызда өсіп тұрған жемістеріңізбен өзіңіз-ақ жасап Be good to yourself деп қойып ішіп отыруыңызға болады. 🙂

  • 2 апельсин
  • 1 банан
  • 0,5 стақан өрік шырыны
  • 0,5 стақан балмұздақ (ванилді)

Жоғарыда көрсетілген жемістер мен балмұздақ және өрік шырынын қосып, блендерде 30 секундтай араластырамыз. Сусынымыз дайын. Егер өрік шырыны жоқ болса қалауыңызша кез-келген шырыннан қосуыңызға болады. Сондай-ақ балмұздақтың да кез-келген түрін қолдануыңызға болады.