Спаржадан сорпа

Сары май-2 ас қ.
пияз-1 тал
перец (қызыл немесе көк)-1 тал
сәбіз-1 тал
көк спаржа (аспарагус)-500 гр.
саңырауқұлақ-200 гр.
су- 0,5 л.
күріш- 50 гр. (мен алдын ала күрішті пісіріп аламын)
лимон-1 тал
ірімшік-50 гр. (үккіштен өткізілген)
қатырылған нан

Көкөністерді кезек-кезегімен сары майда аздап қуырамыз. Су құйып қайнатамыз. Тұз, мускат жаңғағын , қызыл бұрыш қосамыз. 10 минуттай қайнатып, отты сөндіреміз. Петрушка, укроп (қалаған көк шөптен) саламыз да, араластырып, салқындатамыз. Блендерде езіп, тағы 5 минутқа отқа қойып бір қайнатып аламыз. Енді дайын болған сорпаға піскен күрішті саламыз. Кесеге сорпадан құйып, үстіне бір қасық лимон шырынынан, бір қасық ірімшіктен, және қытырлақ наннан салып сервис жасайсыз. Өте дәмді, тойымды сорпа.

 

Наурыз көже

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізбен баршаңызды құттықтаймын!!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!!

koje.jpg

  • 1 кг. ет
  • қазы-қарта қалауыңызша
  • 100 гр. бидай
  • 100 гр. күріш
  • 100 гр. жарма (перловка)
  • 100 гр. тары
  • тұз
  • 3 л.су
  • 1 л. айран

Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатамыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатамыз. Екінші, перловканы және күрішті саламыз. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз.
Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап тураңыз. Енді еттерді және айранды сорпаға араластырамыз. 

Мен қазы-қартаны көжеге араластырмаймын, тек сорпа дәмді болсын деп қосамын. Қазы-қарта бөлек желінеді. Айранды қолдан ұйытып қосқаныңыз абзал, қолдың айранымен наурыз көже өте дәмді болады. Сондай-ақ, айранды көбірек қосып, наурыз көжені қоюлау жасағанды ұнатамыз.
 

Балық сорпасы

  • 1 тал пияз
  • 200 гр. кимчи салаты
  • 200 гр. ай құлақ (clams)
  • 300 гр. балық. (сүйегі жоқ болу керек)
  • 100 гр. шаян (shrimp)
  • жусай
  • 2 ас қасық зейтүн майы
  • тұз
  • 1л.су

Корей асханасының тағы бір ерекшелігі: тағамдары жылдам әзірленетіндігімен және минералға бай су жәндіктерімен жасалатындығы.
Бұл сорпа бар-жоғы 20 минуттың ішінде әзір болады.
Қыздырылған зейтүн майына ірілеу туралған пиязды жақсылап қуырамыз. Пияз қуырылып дайын болған кезде ким-чи салатын салып, 1 минуттай ғана қуырып аламыз да, қазанға су құямыз. Қазан қайнаған кезде балықты турап саламыз, ай құлақтарды да бірге салып, 15 минут қайнатамыз. Дайын болды-ау деген кезде жусайды салып, тағы 5 минуттай қайнатамыз, татымына қарай тұз саламыз.
Сорпамыз дайын, қасына міндетті түрде бір шыны піскен күріш қоясыз. Себебі, Корей елінің сорпаларын күрішсіз ішуге болмайды. Күрішті алдын-ала бөлек пісіріп алуыңыз қажет. Күрішті сорпаға салып ішесіз немесе ким жапырақтарына орап жейсіз.
Астарыңыз дәмді болсын!

Саңырауқұлақ сорпасы

dscf3536.jpg 

  • 150 гр. саңырауқұлақ
  • 3 стақан су
  • 1 стақан айран
  • 4 ас қасық ұн
  • жарты шәй қасық тұз
  • 1 тал сарымсақ
  • 3 ас қасық сары май
  • кішкене қара бұрыш

Қайнаған суға ұсақталып туралған саңырауқұлақтарды салып 25-30 минут қайнатамыз. Бөлек ыдысқа айран менен ұнды миксерлейміз. Осы қоспаны саңырауқұлақ сорпасына араластырып, отты азайтамыз. Тұз және үгітілген сарымсақты қосып, тағы 10 минут қайнатамыз. Тағам әзір болды-ау дегенде сары майды саламыз.

Сорпаны ыстықтай ішкен дәмді. Ас болсын!