Талғам салаты

 

Қызылшаны жақсы көретінімдіктен, салаттарымның көбі қызылшадан жасалынады. Міне тағы бір қызылшадан жасалынатын салаттың түрі.

  • 1 кіші қызылша
  • 50 гр. тұздалған қияр
  • 0,5 банка жүгері дәні
  • 0,5 стақан жаңғақ
  • майонез
  • жүзім немесе анар дәнегі

Қызылшаны ірі үккіштен өткізесіз. Тұздалған қиярды кубик ретінде тураймыз. Жүгері дәнін, жаңғақты осы қоспаларға қосып, майонезбен араластырамыз. Бетін жаңғақпен, жүзім немесе анар дәнектерімен сәндейміз.

Advertisements

Мексикан салаты

 

Бұл салаттың аты неліктен Мексикан салаты аталғанын білмеймін 🙂 Жазда ауылға барғанымда жеңелерім үйреткен еді, өте ұнап қалды, дәмді салат екен. Бірақ неге Мексикан деп аталады десем, ешкім жауап бере алмады. Сосын АҚШта бірге оқыған мексикан құрбымнан сұрадым, сендерде осындай салат бар ма деп 🙂 бірақ ол құрбымның мұндай салаттан хабары жоқ болып шықты. Мейлі, салаттың аты маңызды емес, маңыздысы дәмділігі. 🙂

  • 150 гр. тауық немесе қой еті
  • 2 қызанақ
  • 2 қияр
  • 100 гр. сыр
  • 2 ас қасық майонез
  • көк бұршақ

Етті алдын ала қайнатып аламыз.
Жоғарыда көрсетілген заттарды кішкене төртбұрыш ретінде турап, майонезбен араластырасыз.

Анар cалаты

  • 2 тал алма
  • 1 тал анар
  • 1 тал қызылша
  • 100гр. жаңғақ
  • 2 ас қасық майонез

Қызылшаны алдын-ала қайнатып аламыз. Алманы, қызылшаны ұзынша (соломка) ретінде тураймыз. Енді осыған жаңғақ пен анарды қосып, бәрін майонезбен араластырамыз. Салатымыз дайын. Өте дәмді, әрі витоминге бай салат.

Саңырауқұлақ салаты

dscf3599.jpg 

Бұл салаттың рецептін массаған.ком сайтының мүшесі Жұлдыз деген никті кыздан алдым. Жасалынуы жылдам, дәмді және өте тойымды салат екен. Жұлдызға зор алғыс білдіремін. Алда да осындай дәмді салаттарының рецептерімен бөлісер деген үміттемін!

  • 150 гр. саңырауқұлақ
  • 1 тал пияз
  • 3 жұмыртқа
  • 2 ас қасық майонез
  • сұйық май
  • тұз және қара бұрыш

Жұмыртқаларды алдын-ала қайнатып аламыз. Пиязды ұзынша етіп турап, сарғыш түске енгенше майға қуырамыз.Саңырауқұлақтарды пластик ретінде турап, оны қуырылып жатқан пияздың үстіне қосып, жай отта 10 минуттай бірге қуырамыз. Енді піскен жұмыртқаларды ұзынша етіп турап, қуырылған пияз бен саңырауқұлаққа араластырып, татымына қарай тұз, бұрыш және майонезбен араластырамыз. Салат дайын, енді ыдысқа салып, дастарханға коя беруге болады.

Қызылша салаты

dscf3484.jpg

  • 1 кішілеу қызылша
  • 1 картоп
  • 1 сәбіз
  • 1 кішкентай пияз
  • 2 тал тұздалған қияр
  • зейтүн майы және тұз

Қызылшаны және картоп пен сәбізді қайнатып аламыз. Жоғарыдағы көрсетілген қоспалардың барлығын кішілеу кубиктер ретінде тураймыз. Ал, пиязды ұсақтап тураған жөн. Енді туралғандардың барлығын араластырамыз да, зейтүн майын және татымына қарай тұз қосып, қалауыңызша сәндеп, дастарханыңызға қойып, жей беруіңізге болады.
Бұл салатқа мандариндердің ешқандай қатысы жоқ, мен жәй, сән болсын деп қойғаным ғой. 🙂