Салат


тауық еті-200 гр. (қайнатылған)
ірімшік-150 гр. (сыр)
жұмыртқа-2 тал
картоп- 2 тал
сәбіз-2 тал
қызылша-2 тал
грек жаңғағы
анар дәні

соус:
майонез 2 ас қ.
қаймақ 4-5 ас қ.
тұз 1 ш.қ.

Көкөністер мен жұмыртқаны қайнатамыз. қызылшадан басқасын кішкене төртбұрыштап тураймыз. Қызылшаны үккіштен өткіземіз.
Барлығын кезек-кезегімен арасына майонез бен қаймақ соуысынан құя отырып ыдысқа саламыз. бетіне жаңғақ пен анар дәнін себеміз. Бөлек-бөлек ыдысқа салмай-ақ, үлкен бір ыдыста жасасаңыз да болады.

Чапче


Корей елінің тағамдарынан. Өте дәмді, тойымды және ұнатып жейтін салаттарымның бірі.

  • Күріш лапшасы (Фунчоза лапшасы)
  • 2 тал сәбіз
  • 300 гр. ет
  • 1 тал пияз
  • 2 жұмыртқа
  • 100 гр.кептірілген саңырауқұлақ (муги босот)
  • 150 гр. шпинат
  • 2 тал сарымсақ

соус:

  • 2 ас қ.соя соусы
  • 1 ас қ.кунжут майы

Етті ұзыншалап турап, қыздырылған өсімдік майына баяу отта піскенше қуырасыз.

Жұмыртқалардың ағы мен сарысын бөліп, жеке-жеке қуырасыз.

Пиязды турап, сәбізді үккіштен өткізіп, қуырылған еттен қалған майға қуырып алыңыз.

Саңырауқұлақтарды жылы суға 5-10 минутқа салып қоясыз. (Корейше аты муги босот, корей дүкендерінен таба аласыз). Шпинатты да қайнаған суға 5 минутқа салып алып, суын сорғытып алыңыз.

Лапшаларды да қайнаған суға 10-15 минутқа демдеп, сосын суын сорғытып тастаңыз.

Енді осылардың барлығын араластырып, ұсақтап туралған сарымсақты, соя соусын және кунжут майын қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Табаға салып барлығын араластырып бір қуырып жіберсеңіз де болады.  Жылыдай да, суықтай да жесеңіз дәмді. Етті кейде корейлілер соя соусы мен кунжут майына маринадтап қуырады, маған ондай тәсіл ұнамады, еттің дәмі мүлдем өзгеріп кететін болғандықтан. Саңырауқұлақ пен шпинатты қоспай-ақ жасасаңыз да болады.

Дәмді салат

Тоңазытқышымнан табылған көкеністерден жасалған салат. Өте дәмді шықты. 

2 тал Картошка
2 алма
2 сәбіз
1 қызылша
2 жұмыртқа
0,5ст. жаңғақ
1 анар
майонез

Картошка мен сәбізді, қызылшаны, жұмыртқаны алдын-ала қайнатып аламыз. Жаңғақ пен жұмыртқадан басқасының бәрін үккіштен өткіземіз. Жұмыртқаны қолмен турағаныңыз жөн. Жаңғақтарды үгітіп алыңыз. Барлығының арасына майонез жаға отырып кезекпен қойып шығыңыз, ең үстіне анардың дәнегін себіңіз. Әрі жылдам, әрі дәмді салатымыз дайын.

авокадодан қайықтар :)

3 авокадо
300 гр. алдын ала қайнатылған тауық еті
150 гр. ірімшік
2-3 ас қасық қаймақ
тұз.

Авокадоларды екіге бөліп, ішін аласыздар. тауық етін, авокадоларды турап, қаймақпен араластырасыз, тұздайсыз. бетіне үккіштен өткізілген ірімшіктерді сеуіп, пешке 350=15-20 минутқа қоясыз.

Қияр мен ет салаты

 koreisalaty.jpg

  • 1 кг. қияр
  • 500 гр. ет (қой н/е сиыр еті)
  • 1 кіші пияз
  • 1 уыс жусай
  • 1 тал тәтті бұрыш
  • 2 тал сарымсақ (чеснок)
  • 1/2 шәй қасық қызыл ашты бұрыш және шекер
  • 1 шәй қасық кориандр
  • 2 ас қасық уксус 5%
  • 3-4 ас қасық сұйық май
  • 3-4 ас қасық соя соусы
  • 1 шәй қасық тұз

Қиярдың екі ұшын кесіп алып тастаймыз да, ортасынан екіге бөліп, әрқайсысын 3-4 бөлікке ұзындығынан бөлеміз. Тұз сеуіп, бетін жауып, 30 минутқа қойып қоямыз.
Етті, пиязды, тәтті бұрышты соломка ретінде тураймыз. Жусайды 3-4 бөлікке ортасынан бөлеміз.
Енді қиярдың суын төгіп тастаймыз да, қиярдың үстіне қызыл бұрыш, кориандр, езілген сарымсақ және шекерді қосамыз.
Қазандағы қыздырылған майға етті қуырамыз. Еттің суы тартылғанда пиязды, жусайды және соя соусын қосамыз. 1-2 минут қуырамыз да оттан түсіреміз. Енді қазандағы етті қиярдың үстіне қосамыз. Татті бұрышты және уксусты қосамыз. 5 минуттан соң бәрін араластырып, дастарханға қоямыз. Жылыдай немесе суықтай да жей беруге болады.

Осындай тамаша салаттың рецептімен бөліскендігі үшін Нүрияға зор алғыс білдіремін!!!

Ким-Чи

k2.jpg 

  • 1 кг Қытай қырықжапырағы (немесе өзімізге белгілі капуста)
  • 2 ас қасық тұз
  • 1 литр суық су
  • 0,5 литр қайнаған су

Приправа үшін:

  • 1 ас қасық езілген сарымсақ (чеснок)
  • 1 ас қасық имбирь ұнтағы (ginger)
  • 1 ас қасық езілген пияз
  • 3-4 ас қасық ұсақталып туралған көк пияз
  • 1 ас қасық езілген қызыл ашты бұрыш
  • 2 шәй қасық шекер
  • 1 ас қасық тұз

Қырықжапырақтың жапырақтарын жекелеп арасына тұз себеміз. Үстінен суық су құйып, үстін жақсылап бастырып, суық жерге 8 сағатқа немесе бір түнге қойып қоямыз. Жапырақтарды жақсылап сығып, суын толық шығарамыз. Таза сумен бір рет шайқаймыз да, қырыққабаттарды кептіреміз.
Приправа әзірлейтін мерзімелеріміздің үстіне ыстық суды құйып, жақсылап араластырамыз. Енді осы приправаны әр жапырақтың арасына жақсылап жағамыз.  Дайын болған ким-чилерді шишадан жасалынған ыдыстың ішіне салып, жақсылап аузын бекітеміз. Суық жерде кем дегенде 2 күн тұруы қажет.

Жалпы бір кг қырықжапырақтан 1кг ким-чи шығады.
Негізі Кореа ким-чилері өте ашты болады. Сіз бұрышты қалауыңызша қосып, аштылығын өз талғамыңызға қарай әзірлеуіңізге болады.

Күркілдектің ұясы

 

  • 200 гр. тауық еті
  • 150 гр. катофель фри
  • 2 жұмыртқа
  • майонез
  • тұз

Тауық еті мен жұмыртқаларды алдын-ала қайнатып аламыз. Суыған соң ұзынша ши ретінде тураймыз. Картопты да ұзынша етіп турап, қыздырылған майға қуырып фри әзірлейміз. Енді осылардың барлығын майонезбен араластырып, тұз қосамыз. Ұядағы жұмыртқалар үшін мен кішкентай күркілдектің жұмыртқаларын пайдаландым. Оның орнына жұмыртқаның ағын сырмен, майонезбен араластырып кішкентай жұмыртқалар жасауыңызға да болады.