Пицца

қамыры:
ұн, тұз, су, дрожь.

бетіне:
қалауыңыз білсін 🙂
менікі: пияз, қызыл тәтті бұрыш, жүгері, көк бұршақ, қуырылған фарш.
1 ас қасық томат, қызанақ, тұз, сыр.

Ашыған қамырды күлшелеп, пицца пісіретін табаға жаясыз. бетіне томатты жағасыз.  сосын алдын-ала қуырылған фаршты, оның үстіне ұсақталып туралған пиязды, бұрышты, жүгері мен көк бұршақты, қызанақты, жарты шәй қасығындай тұзды себесіз. Ең үстіне үккіштен өткізілген сырды себесіз. Ыстық пешке350Фте, 25-30 минутқа қоясыз.

Пиццадан қалған қамырдан картопты пирожкилер пісірдім.

ішіне:
қайнатылып, езілген картоп, пияз, тұз, қара бұрыш.

Advertisements

Корея пиццасы

dscf1625.jpg

Бұл тағамды пиццадан гөрі мен көбіне құймаққа ұқсатамын. Өте тойымды, әрі дәмді тағам. Егер ашты тағамды ұнататын болсаңыз ішіне ашты бұрышын көбірек қосуыңызға болады. Біз көбінде аштысын жеп үйреніп қалдық. Сіз өзіңіздің қалауыңызға қарай жасарсыз. Сонымен қатар, Корей халқы ішіне балықтың, шаяндардың неше түрін де қосып жасағанды ұнатады. Ал мен ондай тәжірибені әлі жасап көрмедім. Келешекте жасап жатсам хабар берермін.                                                                                                                                                    

       Қамыр үшін:

  • бір жұмыртқа
  • 0,5 стақан су
  • 150-170гр. ұн
  • тұз
  • сұйық май                                                                                                                                                                

      Ішіне:

  • Жусай немесе көк пияз
  • 1 кішілеу сәбіз
  • 100гр.ашты қызыл бұрыш
  • 1 тал тәтті көк бұрыш

Жұмыртқа мен суды, тұзды, ұнды араластырып, жақсылап қозғайсыз. Ұнды шамалап көз мөлшерімен қосарсыз, кәдімгі құймаққа әзірлегендей, қамырыңыз сұйық болуы қажет. Енді осы қамырдың ішіне ұзынша етіп туралған сәбіз, қызыл бұрыш, көк бұрыш, жусайды қосасыз. Бәрін жақсылап араластырып, қазандағы қыздырылған майға құйып, отты пәсейтіп, 10-15 минут шамасында екі бетін де жақсылап пісіресіз.