Тағамның нақты мөлшерін көрсетпеймін, себебі, адам санына қарай мөлшерлеп жасайсыз.
зуккини (жаңа піскендері өте дәмді болады)
-фарш (қой, сиыр, тауық етінен)
– 1 пияз
– сарымсақ (1-2 бөлік)
– тұз, қызыл, қара бұрыш. (қалауыңыз бойынша демдеуіштер)
– 1 қызанақ
– су (су мөлшері шамалы болу қажет)
Зуккинилерді жуып, ортасын ойып, ішін босатасыз. Ішінен шыққан дәнектерді тастамаңыз, майдалап турап фаршқа араластырасыз. Жоғарыдағы мәрзімелерді майдалап турап фаршқа араластырып, енді осы фаршты зуккинилердің ішіне толтырасыз.
Қазанға май қыздырып, пияз бен қызанақты қуырасыз. Қуырманың үстіне фаршталған зуккинилерді тізіп шығып, суық судан құясыз. Зуккинилер суға батып тұруы қажет.
Қазанның қақпағын жауып, баяу отта, 30-35 минут шамасында қайнатасыз. Тұздап, қалаған дәмдеуіштерді қосыңыз.
Қасына палау әзірлеп, бірге сервис жасаңыз.