Baby shower!

Capture111
Capture.222
Capture.555
Capture333
Capture.444
Capture.345
Осы Американдықтардың baby shower деген салты бар, Мұны біреу қолдаса біреу жақтырмайды. Жақтырмауының себебі ырымшыл халықпыз ғой мүмкін содан болар. Сәби дүниеге келмей жатып дайындық жасағаннан қорқамыз. Әйтеуір өзіме ұнайды. Мына суреттерде менің құрбымның сәбиіне қош келдің деп арнап жасаған party-ім. Осындай party жасап Сіздерде құрбыларыңызды қуантыңыздар!

Advertisements

Алма маффиндері

Елвираның Highly recommended еткен маффинін жасадым. Нәтижесі тамаша шықты. Мен де сіздерге жасап көріңіздер деп кеңес етемін!!! Рецептін көшірмесін қойдым.

alma1.jpg

  • 1 стакан ұн
  • 1 шәй қасық ас сода
  • 2 ш.қ. разрыхлитель
  • жарты ш.қ. тұз
  • 1 стакан қант
  • 2 жұмыртқа
  • 100 гр сары май немесе 50 гр сүйық май
  • қабығы аршылып, үккіштен өткізілген 1 үлкен алма

Бір ыдыста еленген ұн, сода, разрыхлитель мен тұз араластырыңыз. Бөлек ыдыста жұмыртқаны кем дегенде 4 минут миксерлеп, қант қосып тағы 4 минут араластырыңыз. Май қосыңыз. Үккіштен өткізілген алма қосыңыз.  Осы қоспаға ұн+сода+разрыхлитель+тұз қоспасын қосып жәйлап араластырыңыз. Көп араластырмаңыз. 220С алдын ала қыздырылған духовкада 20 минуттай пісіріңіз.

Маффиндерде алманың дәмі ерекше сезіліп тұрады, бірақ  алмалардың өздері көрінбейді.
Менде тура 12 маффин шықты.
 

Банана маффиндері

banana.jpg 

  • 2 жұмыртқа
  • 3 банана
  • 2 стақан ұн
  • 0,5 шәй қасық тұз
  • 1 стақан шекер (200 гр.)
  • 0,5 шәй қасық сода
  • 1 шәй қасық разрыхлитель
  • 1/3 стақан май

Бананаларды еземіз. Бір ыдыста ұнды, соданы, разрыхлительді және тұзды араластырамыз. 
Бөлек ыдыста жұмыртқа мен шекерді жақсылап миксерлейміз, осының үстіне езілген бананаларды және майды қосып, араластырамыз. Енді бірінші ыдыстағы ұн қоспалары мен екінші ыдыстағы қоспаларды біріктіріп, жақсылап араластырамыз да маффин құятын ыдысымызға қасықтап құямыз.
190 гр. = 20 минут пісіреміз.

Шамамен 12 маффин шығады.