Жаңғақ

Балалық шақтың дәмімен бөліскелі отырмын.

2 жұмыртқа
1 ст.шекер
1 ст. қаймақ
200 гр.сары май
сода уксуспен күйдірілген
ұн (көз мөлшерімен, шамамен 400 гр.)

Ішіне:
қоюлатылған сүт
жаңғақ

Жоғарыдағы мәрзімелермен қою қамыр дайындайсыз. Жаңғақтардың арнайы қалыбына құйып пісіресіз.
Піскен жаңғақтардың арасына начинкадан салып, екеуін бір біріне жабыстырасыз.

Advertisements

Вафли 2

Балмұздақ стақаны ретінде қолдансаңыз өте дәмді, әрі сәнді 🙂
5 жұмыртқа
200 гр. сары май
200 гр. шекер
200-300 гр. ұн
ванилин

Арнайы вафли ыдысына құйып пісіресіз, жылдам орап қалаған формаңызды жасамасаңыз вафлилер тез қатады. Біраз суыған соң ішіне балмұздақтан, жемістен салып кішкентайларыңызды қуантыңыздар.

Бал арасы торты

Қызымның екі жасқа толған туған күніне арнап пісірген тортым. Кәдімгі медовый торты. Медовый торт рецептерінің ішіндегі ең дәмдісі десем болады. Себебі бірнеше медовый тортын пісіргенмін, солардың ішінде ерекше ұнағаны осы болды. Енді медовый тортын пісіргенде үнемі қолданатын рецептім болады инш.

500 гр. ұн

2 жұмыртқа

200 гр. шекер

80 гр. сары май

115 гр. бал (3 ас қасық шамамен)

2 шәй қасығы ас содасы

крем үшін:

400 гр. Қаймақ

150 гр. қою сүт  (сливки 33%)

1 қоюлатылған тәтті сүт (сгущенка)

2 ас қасық бал

ара үшін:

қара шоколад

ақ шоколад

өрік дәнегі

Бисквиттерді пісіру үшін әуелі жұмыртқа мен шекерді жақсылап миксерлейміз. Сосын осы қоспаға бал, сары май және соданы қосып, осы ыдысымызды буға қоямыз. (Яғни қазандағы қайнап тұрған судың үстіне бисквитті әзірлеп жатқан ыдысыңызды қоясыз). Үнемі қозғап отыруыңыз қажет, қоңырқай түске айналып, өнім екі есеге ұлғайғанда ыдысыңызды оттан түсіресіз. Енді ұнды қосып, қамыр әзірлейсіз. Қамырдың бетін жауып қойыңыз. 10-15 минуттан соң қамырыңызды 3 бөлікке бөліп, бисквиттерді 200С-де пісіресіз. Өте жылдам піседі, абай болыңыз. Әр бисквит 5-7 минутта дайын болады.  Дайын болған бисквиттерді шеңбер ретінде формаға келтіріп, калған қамырды үгітіп алып қойыңыз торттың шетіне себесіз.
Крем үшін жоғарыдағы заттарды араластырып, жақсылап миксерлеп, біраз уақытқа тоңазытқышқа қойыңыз.
Торттың араларына, бетіне креміңізді жағып, қалауыңыз бойынша сәндеңіз.
Мен бисквиттың үгітінділерін шеттеріне сеуіп, бетіне шоколад пен өрік дәнінен аралар жасадым. Араларды көргенде қызымның қуанышында шек болмады. Бірінші аралардың қанаттарын теріп жеп алды. 🙂 Жаңғақ, өрік дәндерін қатты жақсы көреміз.
Сіздерде осындай торттардан жасап беріп кішкентайларыңызды қуантыңыздар.

Пицца

қамыры:
ұн, тұз, су, дрожь.

бетіне:
қалауыңыз білсін 🙂
менікі: пияз, қызыл тәтті бұрыш, жүгері, көк бұршақ, қуырылған фарш.
1 ас қасық томат, қызанақ, тұз, сыр.

Ашыған қамырды күлшелеп, пицца пісіретін табаға жаясыз. бетіне томатты жағасыз.  сосын алдын-ала қуырылған фаршты, оның үстіне ұсақталып туралған пиязды, бұрышты, жүгері мен көк бұршақты, қызанақты, жарты шәй қасығындай тұзды себесіз. Ең үстіне үккіштен өткізілген сырды себесіз. Ыстық пешке350Фте, 25-30 минутқа қоясыз.

Пиццадан қалған қамырдан картопты пирожкилер пісірдім.

ішіне:
қайнатылып, езілген картоп, пияз, тұз, қара бұрыш.

Вафли

Көптен іздеп жүрген вафельницама қолым жетіп, бала күнімізде жейтін неше түрлі вафлилерді пісіріп, қызымды да, өзімді де қуантып жүрмін. 🙂

1 жұмыртқа
100 гр. сұйық май
150 гр. шекер
200 гр. сүт
2 ст. ұн (400 гр.)
1 шәй қ. разрыхлитель

крем:
3 жұмыртқаның ағы
150 гр. шекер
150 гр. сары май
ванилин

Жұмытқаның ағын шекермен араластырып, ыстық судың үстінде буда жақсылап миксерлеңіз. Оттан түсіріп, жақсылап миксерленген майды, ванилинді араластыра отырып тағы миксерлейсіз.
Креміміз дайын.

Вафли үшін жоғарыдағы мәрзімелерді араластырып, вафли пісіретін ыдысыңызға құйып пісіре бересіз. Піскен вафлилерді жылдам орап, трубочкалар даярлайсыз. Біраз суыған трубочкаларға кремді арнайы кондитерлік шприцтермен немесе целофан қалта арқылы құйсаңыз болады.

Вафлилердің қанша уақытта пісетіндігі вафельницаңызға байланысты. Менікі әр құйған вафлилерім 1 минут өтпей жатып дайын болады.

Алма бәліші.

Бұл бәліш маған ерекше ұнағандардың ең алғашқысы болды. Әсіресе бәлішті ыстықтай жегенді ұнаттым, әр жеген сайын пешке ысытып алып жедім. 🙂 Енді ол әрине талғамға қарай ғой.

қамыры үшін:
200 гр. сары май
3 ст. ұн
1 ст. қаймақ
0,5 шәй қасығы сода (лимон шырынымен тұштырылған)
шәй қасығы ұшында тұз
3 ас қасығы шекер
ішіне:
3-4 ас қасығы шекер
8 алма.
сары май
корица (қаласаңыз)

майды ұнмен илеңіз, қаймақты араластырыңыз. сода, тұз, шекер араластырып қамыр илеп, тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қойыңыз.
алмаларды екіге бөліп, ішіндегі дәндерінен тазалап, шекермен, корицамен араластырыңыз.
қамырды 16 бөлікке бөліп, шеңбер көлемінде жайып, ішіне алманың жарты бөлігін салып, алманың үстіне жарты шәй қасығы сары май қойып, қамырды дөңгелектеп жабыстырыңыз, домалақ жаңғақ кейпіне келтіреміз.
ыстық пешке 350Fте- 25-30 минуттай пісіресіз, бәліштің үсті қызара түскенде пештен шығарасыз.

Julian, California.

Джулиан-өзінің жергілікті алмаларымен танымал жер. Таулы алқапта орналасқан шағын, ескі қалашық. Өзінің көк шалғынға оранған көркем табиғатымен тартымды жер. Тек қана алма өсірумен емес, басқа да көптеген жемістер өсірумен айналысатын жеміс-жидек, егістік шаруашылығымен айналысатын жер. Бір құрбымның Джулианға жолың түсіп жатса алма бәліштерінен (apple pie) ауыз тимей қайтпа дегені есімде еді.
Хош, содан Джулианға жолымыз түсіп саяхаттап қайттық. Әрине алма бәлішінен дәм тату да бұйырды, себебі екі қадам аттасаң алма бәліштерін сататын арнайы дүкендерді көреді екенсің. Дүкенде емес-ау, шағын бәліш зауыты десең болады. Себебі сенің көз алдыңда бәліштерді жасап, пісіріп жатады. Яғни бүкіл процесстің куәгері боласың.  Алма бәліштерінің дәмділігі тілмен айтып жеткізе алмастай. Содан бастап алма бәліштеріне деген ерекше аспаздық шабытым оянды. Жанылмасам содан бері 20 шақты алма бәлішінің түрін пісірген болармын. Алда солардың ішіндегі көңілден шыққандарымен бөлісермін инш.
Ал әзірге саяхаттан алынған суреттермен бөлісемін.  
Айтпақшыдай алмаларының дәмі дәл өзіміздің лимонник тұқымдас алмалардың дәмімен бірдей екен. Қазақстанның алмасын жегендей болдым.