Ким-чиде піскен балық

Корей тағамдарын сағынған кезде кей күндері осындай тағамдарды пісіреміз. Оңай, әрі өте дәмді.
Ким-чи
балық

Ким-чиді (грамдап ешқашан өлшемеппін. көз мөлшерімен шамалап 1үлкен кесе алам) қазанға салып 1 минуттай қуырып аламын. Балықтарды ким-чидің үстіне қойып, қазанның қақпағын жауып, отты ең төменгі дәрежеге басамын. Балығымыз піскенше шамамен 1 сағаттай отта қалдырасыз. Байқағаныңыздай не май, не тұз, не суда қоспайсыз. Ким-чидің шырынында балық піседі. Әзір болған балық та, піскен ким-чи де өте дәмді болады.

Кей күндері жұмыртқада қуырылған тубу да даярлаймын. 2 жұмыртқаны жақсылап миксерлеп, 0,5 шәй қасығы тұз салып, тубуны жұмыртқаға батырып, қазандағы майға қуырып аласыз. 

Advertisements

Балық таяқшалары

Кішкентай балалар ұнатып жейтін тағам екендігіне сенімім мол.

Балық еті (сүйексіз)
жұмыртқа
ұн
тұз, қара бұрыш.
нан ұнтағы
ірімшік (сыр)
сұйық май

Балық етін ұзындау таяқша ретінде турап алыңыз.
Ұнға тұз, қара бұрыш (қалауыңыз бойынша басқа да дәмдеуіштерді, ұсақтап туралған көк шөптерді  қосуыңызға болады) араластырыңыз.
Нан ұнтағына майда үккіштен өткізілген ірімшіктерді араластырыңыз.
Енді балықтарды әуелі ұнға, екінші, жұмыртқаға, үшінші, нан ұнтағына аунатыңыз. Енді қыздырылған майға салып қуырыңыз. (Мен фритюрницада пісіремін. Дайын болғанда пешім өзі ескертеді) Арнайы пешіңіз болмаса қазанда-ақ әзірлеуге болады, сырты қызарғанға дейін қуырасыз.

Дастархан

Картоптан бөлішкелер

– 1 стақан айран
– 1 жұмыртқа + 1 жұмыртқаның сарысы бетіне жағу үшін.
– 4 ас қасық май
– 1-2 ас қасық шекер
– 1 шәй қасығы тұз
– 3/8 стақан картоп пюресі
– 3 1/4 стақан ұн
– 2 шәй қасығы ашытқы

Жоғарыдағы мәрзімелерден қамыр илеп, 1-1,5 сағатқа жылы жерге қоясыз. Қамырыңыз көтерілген соң  ыдысыңызға бөлішкелерді салып, әр бөлішкенің бетіне жұмыртқаның сарысын жағып, 350 гр.=40 минуттай пісіресіз.

балықтан шашлық

сүйексіз балық (менікі: Tilapia Fish)
лимон шырыны
демдеуіштер (менікі: қара бұрыш, қызыл бұрыш, минт)
арасына қызанақ, болгар бұрышы

балықты лимон шырынына маринадтайсыз, қалаған демдеуіштеріңізді қосасыз. кем дегеде 1 сағатқа тоңазытқышқа қоясыз. маринадталған балықтарды шашлық таяқшасына арасына қызанақ пен болгар бұрышын кезектестіре отырып тізесіз.
алдын-ала қыздырылған пеште 300 гр.= 30 минуттай пісіресіз.

кәрзіңкелер үшін:
-125 гр.май
1/3 стақан шекер
1 жұмыртқа+1 жұмыртқаның сарысы
1/2 шәй қасығы ванилин
тұз
1,5 стақан ұн

крем:
2 жұмыртқаның ағы
1/2 ст. шекер
1/4 ст. су
1 шәй қасығы лимон шырыны

Кәрзеңкелер үшін көрсетілген мәрзімелерден қамыр илеп, маффиннің ыдысына салып кәрзіңкелер пісіресіз.
Крем үшін жұмыртқаның ағын көпіргенше миксерлейсіз, шекер мен судан сироп жасап, жұмыртқаның үстінен жайлап, аз-аздан, миксерлей отырып құясыз. Креміңіз сәл қатаю керек. енді кремді кәрзіңкелердің ішіне арнайы шприцпен құясыз.