Baby shower!

Capture111
Capture.222
Capture.555
Capture333
Capture.444
Capture.345
Осы Американдықтардың baby shower деген салты бар, Мұны біреу қолдаса біреу жақтырмайды. Жақтырмауының себебі ырымшыл халықпыз ғой мүмкін содан болар. Сәби дүниеге келмей жатып дайындық жасағаннан қорқамыз. Әйтеуір өзіме ұнайды. Мына суреттерде менің құрбымның сәбиіне қош келдің деп арнап жасаған party-ім. Осындай party жасап Сіздерде құрбыларыңызды қуантыңыздар!

Рамазан айы мүбарак болсын!

IMG_3333[1]
Көптен блогқа кірмеппін-ау. Жақында бір қыздың неге блогты жаңартпайсыз, мүлде кірмейтін болдыңыз ғой, Сіз кірмесеңізде біз кіріп сіздің репцептеріңізді қолданып тұрамыз дегеніне кәдімгідей қуанып қалдым. Енді блогымды жаңартып тұруға тырысамын. Айып етпеңіздер хабарсыз кеткеніме! Сіздермен бөлісерім өте көп. Тек рецептермен ғана емес, басқа да пайдалы ақпараттармен бөлісетін боламын, жиірек ат басын бұрып тұрыңыздар біздің ауылға. 🙂

Ирландияда Қазақстан сүзбесі

Ирландия дүкендерінің сөрелерінен Қазақстан брынзасының сатылымда тұрғанын көріп қуанып қалдым. Осылайша өнімдеріміз көптеп экспортқа шығып, Қазақстанның экономикасын көтере берсін!

Оразаларыңыз қабыл болсын!