Алма бәліші.

Бұл бәліш маған ерекше ұнағандардың ең алғашқысы болды. Әсіресе бәлішті ыстықтай жегенді ұнаттым, әр жеген сайын пешке ысытып алып жедім. 🙂 Енді ол әрине талғамға қарай ғой.

қамыры үшін:
200 гр. сары май
3 ст. ұн
1 ст. қаймақ
0,5 шәй қасығы сода (лимон шырынымен тұштырылған)
шәй қасығы ұшында тұз
3 ас қасығы шекер
ішіне:
3-4 ас қасығы шекер
8 алма.
сары май
корица (қаласаңыз)

майды ұнмен илеңіз, қаймақты араластырыңыз. сода, тұз, шекер араластырып қамыр илеп, тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қойыңыз.
алмаларды екіге бөліп, ішіндегі дәндерінен тазалап, шекермен, корицамен араластырыңыз.
қамырды 16 бөлікке бөліп, шеңбер көлемінде жайып, ішіне алманың жарты бөлігін салып, алманың үстіне жарты шәй қасығы сары май қойып, қамырды дөңгелектеп жабыстырыңыз, домалақ жаңғақ кейпіне келтіреміз.
ыстық пешке 350Fте- 25-30 минуттай пісіресіз, бәліштің үсті қызара түскенде пештен шығарасыз.

Julian, California.

Джулиан-өзінің жергілікті алмаларымен танымал жер. Таулы алқапта орналасқан шағын, ескі қалашық. Өзінің көк шалғынға оранған көркем табиғатымен тартымды жер. Тек қана алма өсірумен емес, басқа да көптеген жемістер өсірумен айналысатын жеміс-жидек, егістік шаруашылығымен айналысатын жер. Бір құрбымның Джулианға жолың түсіп жатса алма бәліштерінен (apple pie) ауыз тимей қайтпа дегені есімде еді.
Хош, содан Джулианға жолымыз түсіп саяхаттап қайттық. Әрине алма бәлішінен дәм тату да бұйырды, себебі екі қадам аттасаң алма бәліштерін сататын арнайы дүкендерді көреді екенсің. Дүкенде емес-ау, шағын бәліш зауыты десең болады. Себебі сенің көз алдыңда бәліштерді жасап, пісіріп жатады. Яғни бүкіл процесстің куәгері боласың.  Алма бәліштерінің дәмділігі тілмен айтып жеткізе алмастай. Содан бастап алма бәліштеріне деген ерекше аспаздық шабытым оянды. Жанылмасам содан бері 20 шақты алма бәлішінің түрін пісірген болармын. Алда солардың ішіндегі көңілден шыққандарымен бөлісермін инш.
Ал әзірге саяхаттан алынған суреттермен бөлісемін.  
Айтпақшыдай алмаларының дәмі дәл өзіміздің лимонник тұқымдас алмалардың дәмімен бірдей екен. Қазақстанның алмасын жегендей болдым.

Қуырылған түрлі-түсті қырыққабат. (цветная капуста)

Түрлі-түсті қырыққабатты онша ұнатпаушы едім. Осылай әзірлеуімнің арқасында жан-ұямызбен ұнатып жей бастадық. Дәмді, әрі қытырлақ болып піседі. Жасап көріңіз сіздің де көніліңізден шығып жатар.

1 түрлі-түсті қырыққабат.
2 жұмыртқа
нан ұнтағы
тұз, қара бұрыш.
сұйық май

Түрлі-түсті қырыққабатты бір-бірінен ажыратып, кішкене бөліктерге бөлесіз. Қазанға су құйып, түрлі-түсті қырыққабатты 10 минуттай қайнатып аласыз. Жұмыртқаға тұз, бұрышты қосып, жақсылап араластырасыз. Сосын судан сүзіп алынған түрлі-түсті қырыққабатты әуелі жұмыртқаға, сосын нан ұнтағына малып, майға қызартып қуырасыз.

Симид немесе дәмді бөлішке нан :)

Симид-түрік тағамдарының бірі. Кәдімгі біздің-бублики. Бірақ түріктер тұзды етіп жасайды. Мен шекер қосып тәттілеу етіп жасадым.

200 мл сүт
100 мл сұйық май
1 шәй қ. дрожь
3 ас қ. шекер
1 шәй қ. тұз
Ұн
Бетіне:
Кунджут
Жұмыртқаның сарысы

Жұмсақтау етіп қамыр илеп, ашытыңыз. Қамырыңыз көтерілген соң, жаңғақтай көлемде үзіп алып, дөңгелек шеңберлер жасап, бетіне жұмыртқаның сарысын жағып, кунджутқа малыңыз.

180С=15 минуттай пісіріңіз.

Осы қамырдың жартысынан бөлішкелер пісірдім. Ішіне сары май жағып, мейіз қостым.

Сүзбелі печенье

Өте дәмді, жұмсақ печенье. Әсіресе кішкентай балаларға ұнайтындығына сенімдімін.
400гр. сүзбе.
200 гр. сары май.
150 гр. шекер.
1 ас қ. разрыхлитель.
300 гр. ұн.

Жұмсақтау етіп қамыр илеп, тоңазытқышқа 30 минутқа қойыңыз.
Қамырды жайып, қалауыңызша арнайы печенье кескіндерімен түрлі-түсті формалар жасап 350Ф-те 15-20 минуттай үсті қызара бастағанша пісіресіз.

Дастархан

Картоптан бөлішкелер

– 1 стақан айран
– 1 жұмыртқа + 1 жұмыртқаның сарысы бетіне жағу үшін.
– 4 ас қасық май
– 1-2 ас қасық шекер
– 1 шәй қасығы тұз
– 3/8 стақан картоп пюресі
– 3 1/4 стақан ұн
– 2 шәй қасығы ашытқы

Жоғарыдағы мәрзімелерден қамыр илеп, 1-1,5 сағатқа жылы жерге қоясыз. Қамырыңыз көтерілген соң  ыдысыңызға бөлішкелерді салып, әр бөлішкенің бетіне жұмыртқаның сарысын жағып, 350 гр.=40 минуттай пісіресіз.

балықтан шашлық

сүйексіз балық (менікі: Tilapia Fish)
лимон шырыны
демдеуіштер (менікі: қара бұрыш, қызыл бұрыш, минт)
арасына қызанақ, болгар бұрышы

балықты лимон шырынына маринадтайсыз, қалаған демдеуіштеріңізді қосасыз. кем дегеде 1 сағатқа тоңазытқышқа қоясыз. маринадталған балықтарды шашлық таяқшасына арасына қызанақ пен болгар бұрышын кезектестіре отырып тізесіз.
алдын-ала қыздырылған пеште 300 гр.= 30 минуттай пісіресіз.

кәрзіңкелер үшін:
-125 гр.май
1/3 стақан шекер
1 жұмыртқа+1 жұмыртқаның сарысы
1/2 шәй қасығы ванилин
тұз
1,5 стақан ұн

крем:
2 жұмыртқаның ағы
1/2 ст. шекер
1/4 ст. су
1 шәй қасығы лимон шырыны

Кәрзеңкелер үшін көрсетілген мәрзімелерден қамыр илеп, маффиннің ыдысына салып кәрзіңкелер пісіресіз.
Крем үшін жұмыртқаның ағын көпіргенше миксерлейсіз, шекер мен судан сироп жасап, жұмыртқаның үстінен жайлап, аз-аздан, миксерлей отырып құясыз. Креміңіз сәл қатаю керек. енді кремді кәрзіңкелердің ішіне арнайы шприцпен құясыз.

Шиелі сүзбелі тарт

Қамыр үшін:

150 гр. май
100 гр. шекер
150-200 гр. ұн
крем үшін:
3 жұмыртқа
150 гр. сүзбе немесе кремчиз
150 гр шекер
200 гр. сүйексіз шие

Қамырды илеп, бірі үлкендеу, екіншісі кішілеу екі бөлікке бөліп, жарты сағатқа тоңазытқышқа қоясыз.
Жұмыртқа, шекер, сүзбені миксерлейсіз, шиелерді де осы қоспаға араластырасыз. Шиелерді қасықпен араластырыңыз!
Қамырдың үлкендеу бір бөлігін алып, ыдысыңызға жайып, ішіне жұмыpтқа мен сүзбе, шиеден жасалынған кремді төгесіз. енді осының үстіне қамырдың екінші бөлігін ірі үккіштен өткізесіз.
350F=40-50 минут пісіресіз.

авокадодан қайықтар :)

3 авокадо
300 гр. алдын ала қайнатылған тауық еті
150 гр. ірімшік
2-3 ас қасық қаймақ
тұз.

Авокадоларды екіге бөліп, ішін аласыздар. тауық етін, авокадоларды турап, қаймақпен араластырасыз, тұздайсыз. бетіне үккіштен өткізілген ірімшіктерді сеуіп, пешке 350=15-20 минутқа қоясыз.

Kofte

Түрік асханасынан.
ішіне:
500 гр. фарш
2 пияз
тұз, бұрыш
маи

сырты:
2 ст. булгур
2 ст. ыстық су
1 жұмыртқа
0,5 ст. ұн

Булгурды ыстық суға 15 минутқа бөктіріп қоясыз.
Фаршты майға қуырып, майдалап  туралған пиязды араластырып, тағы 5 минутай қуырамыз. тұз, бұрыш қосамыз.

Демделген булгурға жұмыртқа, ұн араластырып жақсылап илейміз. кішкене домалақ шелпектер жасап, ішіне фарштан қойып кофте жасаймыз.

Қыздырылған майда кофтелерімізді қызарғанға дейін қуырамыз.