Smoothie

image2

Балаларға болсын, үлкендерге болсын осындай смути жасап берсеңіздер риза болатынына күмәнім жоқ. Денсаулыққа өте пайдалы, витаминдерге бай сусын.
Құрамында:
1 шабдалы
1 манго
1 банан
1 апельсиннің таза шырыны

Advertisements

Baby shower!

Capture111
Capture.222
Capture.555
Capture333
Capture.444
Capture.345
Осы Американдықтардың baby shower деген салты бар, Мұны біреу қолдаса біреу жақтырмайды. Жақтырмауының себебі ырымшыл халықпыз ғой мүмкін содан болар. Сәби дүниеге келмей жатып дайындық жасағаннан қорқамыз. Әйтеуір өзіме ұнайды. Мына суреттерде менің құрбымның сәбиіне қош келдің деп арнап жасаған party-ім. Осындай party жасап Сіздерде құрбыларыңызды қуантыңыздар!

Рамазан айы мүбарак болсын!

IMG_3333[1]
Көптен блогқа кірмеппін-ау. Жақында бір қыздың неге блогты жаңартпайсыз, мүлде кірмейтін болдыңыз ғой, Сіз кірмесеңізде біз кіріп сіздің репцептеріңізді қолданып тұрамыз дегеніне кәдімгідей қуанып қалдым. Енді блогымды жаңартып тұруға тырысамын. Айып етпеңіздер хабарсыз кеткеніме! Сіздермен бөлісерім өте көп. Тек рецептермен ғана емес, басқа да пайдалы ақпараттармен бөлісетін боламын, жиірек ат басын бұрып тұрыңыздар біздің ауылға. 🙂

Фаршталған зуккини

DSC_0855

Тағамның нақты мөлшерін көрсетпеймін, себебі, адам санына қарай мөлшерлеп жасайсыз.

зуккини (жаңа піскендері өте дәмді болады)

-фарш (қой, сиыр, тауық етінен)
– 1 пияз
– сарымсақ (1-2 бөлік)
– тұз, қызыл, қара бұрыш. (қалауыңыз бойынша демдеуіштер)
– 1 қызанақ
– су (су мөлшері шамалы болу қажет)

Зуккинилерді жуып, ортасын ойып, ішін босатасыз. Ішінен шыққан дәнектерді тастамаңыз, майдалап турап фаршқа араластырасыз. Жоғарыдағы мәрзімелерді майдалап турап фаршқа араластырып, енді осы фаршты зуккинилердің ішіне толтырасыз.

Қазанға май қыздырып, пияз бен қызанақты қуырасыз. Қуырманың үстіне фаршталған зуккинилерді тізіп шығып, суық судан құясыз. Зуккинилер суға батып тұруы қажет.
Қазанның қақпағын жауып, баяу отта, 30-35 минут шамасында қайнатасыз. Тұздап, қалаған дәмдеуіштерді қосыңыз.

Қасына палау әзірлеп, бірге сервис жасаңыз.

Жаңғақ

Балалық шақтың дәмімен бөліскелі отырмын.

2 жұмыртқа
1 ст.шекер
1 ст. қаймақ
200 гр.сары май
сода уксуспен күйдірілген
ұн (көз мөлшерімен, шамамен 400 гр.)

Ішіне:
қоюлатылған сүт
жаңғақ

Жоғарыдағы мәрзімелермен қою қамыр дайындайсыз. Жаңғақтардың арнайы қалыбына құйып пісіресіз.
Піскен жаңғақтардың арасына начинкадан салып, екеуін бір біріне жабыстырасыз.

Бөлішке нан және самса

Екеуі де бір қамырдан азірленген:

300 гр. жылы сүт.
100 гр. сұйық май
100 гр. шекер
1 шай қ. тұз
1 жұмыртқа
1 шай қ. дрожь

Самсаның  ішіне:
фарш
пияз
картоп
тұз
қара бұрыш

Жоғарыдағы марзимелерден қамыр илеп, көтерілгенше жылы жерге қоясыз. Қамырыңыз ашыған соң қалаған формада бөлішкелер жасаисыз. Пеште 30 минуттай пісіресіз.
Самсаның ішіне фаршты салып, ыстық пеште 40 минуттай пісіресіз.