Қамыры:
- 100 гр. шекер
- 1 жұмыртқа
- 100 гр. сары май
- 1 ас қ. қаймақ
- 2 ст. ұн
- разрыхлитель
Ішіне:
- кез-келген варенье
- Қалаған жемістер.
Крем:
- 2 жұмыртқаның ағы
- 200 гр.шекер
Жоғарыдағы мәрзімелермен қамыр илеп, тоңазытқышқа жарты сағатқа қойыңыз. Қамырды арнайы қалыптарға салып, 180 градуста 15 минуттай пісіресіз. Жұмыртқаның ағы мен шекерді жақсылап миксерлеп кремді әзірлейсіз. Мен жұмыртқа салынған ыдысымды оттың көзінде қайнап тұрған судың үстіне қойып тұрып миксерлеймін, сонда креміңіз жылдам қатаяды. (Безе дайындағанда да осы әдіс жақсы нәтиже береді) Піскен тарттардың ішіне суытып барып, 1 шәй қасық вареньеден салып, сосын кремдерді кондитерлік шприцпен құйып, бетіне қалаған жемістермен әшекелейсіз. Мен алша вареньесін қолдандым.
Advertisements
өте профи көрініп тұр! жарайсың!