Чапче


Корей елінің тағамдарынан. Өте дәмді, тойымды және ұнатып жейтін салаттарымның бірі.

  • Күріш лапшасы (Фунчоза лапшасы)
  • 2 тал сәбіз
  • 300 гр. ет
  • 1 тал пияз
  • 2 жұмыртқа
  • 100 гр.кептірілген саңырауқұлақ (муги босот)
  • 150 гр. шпинат
  • 2 тал сарымсақ

соус:

  • 2 ас қ.соя соусы
  • 1 ас қ.кунжут майы

Етті ұзыншалап турап, қыздырылған өсімдік майына баяу отта піскенше қуырасыз.

Жұмыртқалардың ағы мен сарысын бөліп, жеке-жеке қуырасыз.

Пиязды турап, сәбізді үккіштен өткізіп, қуырылған еттен қалған майға қуырып алыңыз.

Саңырауқұлақтарды жылы суға 5-10 минутқа салып қоясыз. (Корейше аты муги босот, корей дүкендерінен таба аласыз). Шпинатты да қайнаған суға 5 минутқа салып алып, суын сорғытып алыңыз.

Лапшаларды да қайнаған суға 10-15 минутқа демдеп, сосын суын сорғытып тастаңыз.

Енді осылардың барлығын араластырып, ұсақтап туралған сарымсақты, соя соусын және кунжут майын қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Табаға салып барлығын араластырып бір қуырып жіберсеңіз де болады.  Жылыдай да, суықтай да жесеңіз дәмді. Етті кейде корейлілер соя соусы мен кунжут майына маринадтап қуырады, маған ондай тәсіл ұнамады, еттің дәмі мүлдем өзгеріп кететін болғандықтан. Саңырауқұлақ пен шпинатты қоспай-ақ жасасаңыз да болады.

Advertisements

3 thoughts on “Чапче

  1. Туу, қарным ашып отырғанда бекер кірдім((
    Қалжың әрине, Ақбану! осы байқағаным, ет қосылған салаттар тойымды келеді сосын дәмі сан-алуан.
    Сіздер қазір тұрып жатқан жерде қандай тағамдар желінеді екен? Етті кең қолдана ма? Жалпы мексикандықтар шошқаны да жей беретін болар еш талғамай?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s