Торт «Птичье молоко»

Бала күнімізде талай жеген, мен үшін ең дәмді торттардың бірі.
Осы тортты көптен бері пісіруді ойлап жүрген едім, бірақ ішіне желатин қосылатын болғандықтан, желатинді немен алмастырудың жолын іздеумен болдым. Сөйтіп, бір күні оның да шешімі табылды, қуанышымда шек болмады 🙂
Желатинді жапондық кантен немесе агар-агармен алмастыруға болады. Бұларды көбінде жапон, қытай дүкендерінен табасыздар.  Агар-агар мен кантен су асты өсімдіктерінен жасалынады. Және агар-агардың желатин секілді ерекше иісі болмайды. Яғни тәтті тағамдарға қолданғанға өте жақсы.
Бірінші рет пісіргендіктен торттың түріне қарап сөкпеңіздер 🙂
Дәмі өте тамаша болды. Бала күнімізде жейтін птичье молоконың дәл өзі 😉

Қамыры:
1 ст. ұн
7 жұмыртқаның сарысы
0,5 ст. шекер
100 гр. сары май
сода немесе разрыхлитель, ванилин
 крем:
7 жұмыртқаның ағы
1 ш.қ агар-агар
200 гр. су
1 ст. шекер
150 гр. сары май
200 гр. қоюлатылған тәтті сүт.
1 ш.қ. лимон шырыны

бетіне:
150 гр. қара шоколад
100 гр. сливки (33% сүт)

Майды шекермен жақсылап миксерлейміз, жұмыртқалардың сарысын қосып тағы миксерлейміз. Енді ванилин, разрыхлитель, ұнды қосамыз, аз ғана араластырып, тортты пісіретін ыдысқа құямыз. 350Фте=15-20 минуттай пісіреміз.

Енді кремді әзірлеуге кірісеміз.Сары май мен қоюлатылған тәтті сүтті жақсылап миксерлеп, қойып қоямыз.  Агар-агарды суық суға араластырамыз. Отқа қойып қайнатамыз, үстіне жарты стақан шекерді қосамыз. Бір қайнатіп алып өшіреміз. Жұмыртқаның ағын қалған жарты стақан шекермен жақсылап 10 минуттай миксерлейміз. Үздіксіз миксерлей отырып ыстық сиропты жайлап құямыз. Енді осы жерден шапшаң қимылдағаныңыз жөн себебі крем жылдам қатады. Алдын-ала миксерлеп қойған сары май мен тәтті сүтті осы қоспаға араластырып, жайлап қасықпен араластырамыз. Бұл жерде миксерді қолданбаңыз, себебі, миксерлейтін болсаңыз көпіріп тұрған креміңіз отырып қалады.
Енді тортты жинаймыз. Бисквиттің үстіне кремді құйып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа қоямыз. Үстіндегі кремі жақсылап қатты дегенде, шоколадтан крем әзірлеп, бетіне құямыз. Тағы да 1-2 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз. Шоколад жақсылап қатқан соң барып кесіп жей берулеріңізге болады.

Advertisements

5 thoughts on “Торт «Птичье молоко»

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s