Елвираның Highly recommended еткен маффинін жасадым. Нәтижесі тамаша шықты. Мен де сіздерге жасап көріңіздер деп кеңес етемін!!! Рецептін көшірмесін қойдым.
-
1 стакан ұн
-
1 шәй қасық ас сода
-
2 ш.қ. разрыхлитель
-
жарты ш.қ. тұз
-
1 стакан қант
-
2 жұмыртқа
-
100 гр сары май немесе 50 гр сүйық май
-
қабығы аршылып, үккіштен өткізілген 1 үлкен алма
Бір ыдыста еленген ұн, сода, разрыхлитель мен тұз араластырыңыз. Бөлек ыдыста жұмыртқаны кем дегенде 4 минут миксерлеп, қант қосып тағы 4 минут араластырыңыз. Май қосыңыз. Үккіштен өткізілген алма қосыңыз. Осы қоспаға ұн+сода+разрыхлитель+тұз қоспасын қосып жәйлап араластырыңыз. Көп араластырмаңыз. 220С алдын ала қыздырылған духовкада 20 минуттай пісіріңіз.
Маффиндерде алманың дәмі ерекше сезіліп тұрады, бірақ алмалардың өздері көрінбейді.
Менде тура 12 маффин шықты.
Advertisements
Құдай-ау, арасында бір рет те болса етті тағам жасап қойсаңызшы, мыналарға тоймай қала береді екенмін… Қыстыгүні жақсы, құнарды тағамдар жасап жүр едіңіз. Бүгін аштан аш қайтып барам… 🙂
oi technosyndrom renjimessiz ash kaitarganyma, jazdyn kuni etti jegimiz kelmeidi, auyrlyk etedi, sondyktan jazda kobine jenil tamaktar jegendi unatamyz.
Sizge de kenes etemin etke kop auestenbeniz, odanda askazanga jenil, vitamini kop shop-shalan kobirek jeniz 😉
Оны да көргенмін, салаттарға көшуді.
Айналып келіп, қайта-қайта жей беремін, тоймаймын 🙂