Наурыз көже

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізбен баршаңызды құттықтаймын!!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!!

koje.jpg

  • 1 кг. ет
  • қазы-қарта қалауыңызша
  • 100 гр. бидай
  • 100 гр. күріш
  • 100 гр. жарма (перловка)
  • 100 гр. тары
  • тұз
  • 3 л.су
  • 1 л. айран

Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатамыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатамыз. Екінші, перловканы және күрішті саламыз. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз.
Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап тураңыз. Енді еттерді және айранды сорпаға араластырамыз. 

Мен қазы-қартаны көжеге араластырмаймын, тек сорпа дәмді болсын деп қосамын. Қазы-қарта бөлек желінеді. Айранды қолдан ұйытып қосқаныңыз абзал, қолдың айранымен наурыз көже өте дәмді болады. Сондай-ақ, айранды көбірек қосып, наурыз көжені қоюлау жасағанды ұнатамыз.
 

Advertisements

5 thoughts on “Наурыз көже

  1. ма-ма, ар жердин наурыз көжесі ар қалай болады екен ғой да?
    менин мамам бидай ғана қоса да өте дәмді болады, біздер жақта қамырды жалпақ қылып жайып, сосын кеспе сықылды етіп кесіп салады, сосын біздер жақта көбі қызыл тамат қосады, сосын майға қуырып, ал сіздің рісеп бойынша бәрлық затты қайнаты, хотя бул денсаулыққа пайдалы.
    22 күні ілгеніңізде осы рісепті. 🙂
    со күні көже жасаймын деп қанша оқталсамда сұрар адам таппадым шыны керек. Сосын жылдағы әдетпен көже ішпей ақ қарсы алдым Наурызды. Егер алда-жалда үйленіп кетсем, блогыңызға жиіп кіріп әлі талай миыңызды ашытармын :)))

    1. 1.ЕТТІ ЖЕКЕ АСЫП ПІСІРЕМІН, ПІСКЕН СОҢ ТУРАП ҚОЯМЫН.
      2. ҮЙДЕ БАР ДӘНДІ ЖЕКЕ-ЖЕКЕ ПІСІРЕМІ ӨЙТКЕНІ БІРЕУІ ПІССЕ, ЕКІНШІСІ ЕЗІЛІП КЕТУІ МҮМКІН .(КҮРІШ СИЯҚТЫ ҚАТТЫ ЕЗІЛЕТІНДЕРДІ ҚОСПАЙМЫН)
      3.САҚТАҒАН ҚҰРТТЫ БІР КҮН БҰРЫН ЫСТЫҚ СУҒА САЛЫП ҚОЯМЫН
      4.ЕНДІ СОРПАҒА «КЕММИ»ҚАМЫРЫН БӨЛІП-БӨЛІП САЛЫП ПІСІРЕМІН,(БАСҚА ҚАМЫРЛАР ЕЗІЛІП КЕТЕДІ).
      ЕНДІ ЕТТІ, ПІСКЕН ДӘНДІ, АЙРАН,ЕЗІЛГЕН ҚҰРТТЫ,ҚАМЫРДЫҢ ҮСТІНЕ ҚОССАҢ, КӨЖЕҢ ДАЙЫН.

  2. Kosh kelding Aiko! kelip turyngyz, bilgenimmen bolisuge tyrysamyn.
    Al nauryz kojeni ar jer arkalai jasaityny ras. Birak men tomat kosyp pisiredi degendi estimeppin, ol shamasy sovremennyi nauryz koje bolyp ketken siakty 🙂
    negizi jeti turli dan salady, men baryn saldym. kopshilik el bir turli danmen de pisire beredi. ol da bolady arine, birak meningshe negurlym kop dan bolsa, sogurlym damdirek bolady 😉

  3. мен наурыз кожеге оркеш май косады деп естип едим жане курт косады деп сол распа?мен вообще наурыз коже жасап билмеймин бирак оте онай екенго бидай дегенимиз кандай зат

    1. orkesh mai turaly estimeppin men, birak kosuga bolady dep oilaimyn. al kurt kossang kaita ote damdi bolady. kurt kosylgan nauryz koje erekshe damdi bolady. bidai degenimiz kadimgi un jasaityn dan goi 😉

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s