Жаңа Жыл дастарханынан!

Өткен жексенбі күні Корей халқының Жаңа Жыл мерекесіне орай өткізген шет елдіктерге арналған фестиваліне барып қайттық. Корейлер қонақжайлылығын танытып, келген қауымға арнап дастархан жайып, ұлттық тағамдарынан да дәм татқызды. Сол дастарханнан Сіздерге сарқыт болсын, алған суреттерді ұсынамын 🙂
Сондай-ақ, шет елдіктерге өздерінің ұлттық тағамдарының қалай жасалатындығы жөнінде аспаздық дәрістерін өткізді. Үйренем деушілерге тек теориялық жүзінде ғана емес, практикалык тұрғыда да сабақтар өткізді. Менде қатысып, ким-чиді қалай жасау керектігін үйрендім 🙂
Айтпақшыдай осы фестивальда Бахытнұр досымыз дүниенің төрт бұрышынан жиналған қауымға елімізді таныстыру мақсатында presentation қойды, соңында қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй тартып, Корей халқын бір тамсандырып тастады. Бахытнұрға респект 😉

Күріштен жасалған, Корейлердің тәттісі.

Ким-чи

Жұмыртқадан жасалынған (арасында саңырауқұлақ бар)

Мынау фунчеза салатына ұқсайды, бірақ ішінде еттің орнына теңіз капустасы қосылған.

Мынау неше түрлі өсімдіктер. Төмендегі кішкентай күлшелердің арасына қалағаныңызды салып, орап жейсіз.

Әрине ақ күріштері мен ким жапырақтарынсыз Корейлердің дастарханын елестету мүмкін емес. Күрішті ким жапырақтарына орап жейді.

Мынау тағамның атын ұмытып тұрмын 🙂 есіме түскенде жазармын. Өтеее ашты тағам.

Корейлердің ең сүйікті тағамдарының бірі ТОК. Бұл да күріштен жасалады. Жасалу процесі өте күрделі екен.

Ал мынау мен ким-чи жасап жатқан. 🙂

Advertisements

14 thoughts on “Жаңа Жыл дастарханынан!

  1. salem! kim-chidi jakyn kunderi jazamyn ins kalai isteu kerektigin.

    Jaina apai Tokty jasau ushin bizding kurishter jaraidy dep oilaimyn. mende recipi bar, berein kajet desengiz. Jasap koringiz unatsangyz.

  2. атаулары қиын тағамдар екен. Бірақ жегенде тәтті болар. Ақбантик осы корейліктердің тағамдары неше түрлі. Корей фильмдерін көріп отырғанда олар үнемі күріштен жасалған тағамдарды жейді, неге?

  3. Көп, көп рахмет!
    Осы тағамдарды жасағанда жолдасыма ұнағаны үшін қуандым.
    Бұрынғы заманда келіндер енесінен үйренуші еді

  4. Қазір мен инеттен үйреніп жүрмін.
    Көп, көп рахмет
    бірақ, біздің отбасы ет тағамдарын көп жақсы көреді.
    Сондықтан ет тағамдары көөөөөп болса екен
    Еттен қашқан қай қазақ?

  5. Лира пікірлерің үшін көп-көп рахмет!!!
    Жолдасыңа ұнағаны үшін қатты қуандым!!! Үнемі келіп, бізді де, жолдасыңды да қуантып тұр 🙂
    Дұрыс айтасың еттен қашатын қазақ жоқ, мен де сол ет сүйер қазақтың бірімін. Бірақ шындығына келгенде сол жілік-жілік, қазан-қазан қылып асып жейтін етіміздің біздің ден-саулығымызға пайдасы шамалы-ау. Корей халқының жасы үлкендері өте жас көрінеді. 60 жастағы қариялары доп теуіп, футбол ойнап жүргендерін көргенде қайран қаламын, отырып-тұруы қиындап кеткен біздің 60-тағы аталарымыз еріксіз еске түседі. Корейлерден қалай жас көрінетіндігінің құпиясын сұрасам, бәрі тағамдарымыздан дейді. Онысы рас, су жәндіктері мен теңіз өсімдіктері адамның денсаулығына пайдалы барлық витаминдерден тұрады. Күнімен сондай тағамдар жеген адамның денсаулығы әріне жақсы болады емес пе?!

  6. Маған корей тағамдары қатты ұнайды..Сіз сонда тұрасыз ба? Сол туралы көбірек жазсаңыз жақсы болар еді 😉

  7. salemmetsizbe men bir jauga tysinbedim ne ywin kazaktin yltik tagamdar dep takirip koudiniz sebebi bynin bireyide kazak tagamina jatpaudi ozge ylt tagami takiribi ote orindi boladi dep oulaim!!!Kazaktin ylttik tagamdari bes barmak sorpa kazi karta t.b astar ylgisi bolsa eken sizdin jayabinizdi sabirsiz kytem sizge raxmet !!!

    1. salem, rahmet pikiringe. kazaktyng ulttyk tagamy degen takyrypty kaidan kording? ulttyk tagamdar degen bolatyn takyryp, endi tusinikti bolsyn dep ozge ult tagamy dep ozgertip koidym. insh bolashakta kazaktyng ulttyk tagamdaryn koptep korersizder.

  8. sigden otiniw bige oziniz jaksi biletin jaksi damdi tagamdar bolsa eken bizde bilmeitin men kop tagam tyrin bilem men tek arada ozge ylt asin dauindasam deum!!!!Syragim siz kazaksizba???Nayriz koje ote damdi boldi sige raxmet !!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s