-
150 гр. ұн
-
1/2 шәй қасық тұз
- 1 шәй қасық разрыхлитель
- 100 гр. шекер
- 150 гр. жаңғақ + 150 гр. жаңғақ
- 60 гр. сары май
- 60 мл. сүт
- 1 шәй қасық ванила ұнтағы
- 2 жұмыртқа
Крем үшін:
-
100 гр. сгущенка сүті
-
100 гр. сары май
Табаның ішінде ұнды, тұзды, разрыхлительді және үгітілген жаңғақты араластырамыз.
Екінші табада ерітілген сары майды, шекерді және жұмыртқаларды жақсылап миксерлейміз. Енді осыны бірінші табадағы ұндарға қосып, жақсылап араластырып, осы қоспалардың үстіне сүтті, ванилинді араластырамыз. Жақсылап араластырып, арнайы торт пісіретін ыдысыңызға құйып, пешке қойыңыз. 200 градуста 40 минут пісіріңіз.
Кремді қарапайым тәсілмен даярладым, сгущенка сүті мен сары майды жақсылап миксерлеп, торттың ортасына және сыртына жағыңыз. Енді кремнің үстіне үгітілген жаңғақты себіңіз. Қалауыңызша сәндеңіз.
Жалпы жаңғақ қосылған торттарды ұнататындығымнан, торт дәмді шықты.
Advertisements
Ертеректе өтініш жасап едім, қасына құманмен шайды да қойыңызшы деп. Енді тортты жеп алып, шөлдеп кетіп барам… 🙂