Наполеон

 

 

Халқымыздың «көз қорқақ, қол батыр» деген даналығы тегін айтылмаса керек. Осы торт жасауға еш көңілім дауаламайтын. Пісіре алмаймын деп ойлаушы едім, сөйтсем, қателескен сияқтымын, адам шын көңілімен істесе алмайтын асуы, бағындырмайтын белесі жоқ екен 🙂
Көптен қандай торт пісірсем екен деп ойланып, Наполеон тортын пісірейін деген шешімге келдім. Неге Наполеон десеңіз, бұл менің сүйкті тортым. Сондықтан, іске сәт деп осы тортты пісіруге бел байладым. Иә, алғашқы тортым күтпеген жерден жақсы шықты. Бірақ бір кемшілік, кремі сәл аздау болып қалды, бірақ мен үшін ол тіпті жақсы болды 🙂 Себебі, жалпы торттың кремін онша ұнатпаймын.

Қамыр үшін:

  • 300 гр. сары май
  • 4 стақан ұн
  • 1 стақан айран
  • сода, (күйдірілген)
  • 1 жұмыртқа

Крем үшін:

  • 1,5 стақан сүт
  • 1 стақан шекер
  • 2 жұмыртқа
  • 300 гр.сары май

Бірінші сары май мен ұнды араластырамыз.
Екінші бөлек ыдыста айран мен күйдірілген соданы араластырып, енді осыны бірінші қоспаға араластырып, жұмыртқаны қосамыз. Жұмсақ қамыр шығуы тиіс. Қамырды 15 бөлікке бөлеміз де, тоңазытқышқа 2 сағатқа қоямыз.

Енді қамырымызды бөлек-бөлек өте жұқа қалыпта жайып, пешке салып әрқайсысын 200С-та 5  минуттан пісіреміз.

Крем үшін әуелі сүт пен шекер, жұмыртқаларды араластырып, қайнатамыз. Бір қайнаған кезде оттан түсіріп, суық жерге қоямыз. Енді осыған сары майды араластырып, жақсылап миксерлеп, тоңазытқышқа 5-10 минутқа қойыңыз. 
Дайын болған кремді 12 қабатты торттың арасына жағып, 3 қабатын үгітіп торттың үстіне, жан-жағына себіңіз. Наполеон торты дайын, енді кем дегенде бір түнге немесе 7-8 сағатқа салқын жерге қойыңыз.

Advertisements

3 thoughts on “Наполеон

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s