Бұл салаттың аты неліктен Мексикан салаты аталғанын білмеймін 🙂 Жазда ауылға барғанымда жеңелерім үйреткен еді, өте ұнап қалды, дәмді салат екен. Бірақ неге Мексикан деп аталады десем, ешкім жауап бере алмады. Сосын АҚШта бірге оқыған мексикан құрбымнан сұрадым, сендерде осындай салат бар ма деп 🙂 бірақ ол құрбымның мұндай салаттан хабары жоқ болып шықты. Мейлі, салаттың аты маңызды емес, маңыздысы дәмділігі. 🙂
- 150 гр. тауық немесе қой еті
- 2 қызанақ
- 2 қияр
- 100 гр. сыр
- 2 ас қасық майонез
- көк бұршақ
Етті алдын ала қайнатып аламыз.
Жоғарыда көрсетілген заттарды кішкене төртбұрыш ретінде турап, майонезбен араластырасыз.
Advertisements
Кішкене президентскийге ұқсайды екен. 🙂