Құймақ үшін:
- 1 стақан сүт
- 2 жұмыртқа
- 2 ас қасық шекер
- 1 стақан ұн
- 1/2 шай қасық сода
- 1/3 шай қасық тұз
- 2 ас қасық сұйық май
Ішіне:
- 2 тал сәбіз
- 2 жұмыртқа
- тұз, бұрыш
- 3 ас қасық сұйық май
Құймақ әзірлеу үшін жоғарыда көрсетілген қоспалардың барлығын араластырып, жақсылап миксерлейміз. Табаны сұйық маймен майлап, құймақтарды қасықпен құйып пісіреміз. Немесе табаны әркез майлап тұрғыңыз келмесе 2 ас қасық сұйық майды қамырға араластырып, табаны майламай-ақ пісіруіңізге болады.
Ал енді, ішіне салатын фаршты әзірлеу үшін алдымен жұмыртқаларды пісіріп аламыз. Сәбізді ірі үккіштен өткізіп алған соң, сұйық майға қуырамыз. Енді піскен жұмыртқаларды ұзынша етіп турап, сәбізге араластырамыз. Қалауыңызша тұз, бұрыш салып, дайын болған фаршты құймақтардың арасына салып, ораймыз. Табаға май құйып, фаршталған құймақтарымызды қайта екі жағына кезек-кезек аудара отырып қуырып аламыз. Құмақтарды маймен немесе қаймақпен жеген дәмді болады.
uuuuu, karnim aship ketti!!!!! sonday damdi korinip tur!
🙂 tek surette gana emes, ozderi de damdi kuimaktar. jasap korersing reti kelgende.
mina rezeptti ozin oylap taptin ba? kushti korinip tur… ari onay jasaladi eken
ya jasalynuy ote onai. ozim oilap tappadym, osyndagy bir orys podrugam berdi. neshe turli ultpen aralassang, neshe turli narse uirenesing demekshi ..
mash! unemi osilay bolgay!
akbanu, korey aspazdiginan kobirek tagam kutemiz! birakta, biz (KZdagilar) taba alatin zattardan bolsin ha! aldin ala rahmet!
ins Elya ilemin alda ali kop. Rahmet nietinge!!!
Рахмет Ақбантик
Тез жасалатын, оңай, жақсы закуска екен.
Мынадай, әп-әдемі жұқа болып шығу үшін не істеу керек, айтып жіберіңізші, әйтпесе, мен пісірген құймақтар қалың болып шығады(((( Алдын-ала рахмет!
ақбантик мен 8 сыныпта оқимын.маған бір сабаққа арналған жеңіл салат түрін үйретіңізші өтініш
жауап беріңізші өтіііііііііііііінннііііішшшшшшшшшшшшшшшшшшш