- 150 гр. саңырауқұлақ
- 3 стақан су
- 1 стақан айран
- 4 ас қасық ұн
- жарты шәй қасық тұз
- 1 тал сарымсақ
- 3 ас қасық сары май
- кішкене қара бұрыш
Қайнаған суға ұсақталып туралған саңырауқұлақтарды салып 25-30 минут қайнатамыз. Бөлек ыдысқа айран менен ұнды миксерлейміз. Осы қоспаны саңырауқұлақ сорпасына араластырып, отты азайтамыз. Тұз және үгітілген сарымсақты қосып, тағы 10 минут қайнатамыз. Тағам әзір болды-ау дегенде сары майды саламыз.
Сорпаны ыстықтай ішкен дәмді. Ас болсын!
Advertisements
keshe jazadym, ote damdi shykty! burynda osy receptti izdegenmin :). rahmet.
Кешір, бірақ мен түсінбей қалдым. Үш ас қасық сары майды саңырауқұлақ қайнап жатқан суға қосамыз ба?
Асеке әлемторда өзіңмен танысқаныма қуаныштымын, сен туралы көп жақсы пікірлер естіген едім әкпемнен :), қалт айтпаған екен. Зеректігіңе алғысым зор!!! Қатесін жөндеп қойдым, енді түсінікті болған сияқты 🙂
SA, janiim 😉 Mening sorpalarimning eshbirin ilmepsing ali ;( bir mercimekten baska eshnarse istemeim he-hee…
tamaktaringdi sagindim…
Selametle…
Aab.