Құлпынайлы смути

smuti.jpg 

  • 200 гр. құлпынай
  • 1 банан
  • 100 гр. айран
  • 100 гр. алма шырыны

Құлпынай мен бананды блендерде езіп, айран мен алма шырынын араластырасыз.
Смути дайын, әсіресе кішкентай балаларға жасап берсеңіз әрі денаулыққа пайдалы, әрі өтее дәмді сусын!!!

Пікір қалдыру »

Қияр мен ет салаты

 koreisalaty.jpg

  • 1 кг. қияр
  • 500 гр. ет (қой н/е сиыр еті)
  • 1 кіші пияз
  • 1 уыс жусай
  • 1 тал тәтті бұрыш
  • 2 тал сарымсақ (чеснок)
  • 1/2 шәй қасық қызыл ашты бұрыш және шекер
  • 1 шәй қасық кориандр
  • 2 ас қасық уксус 5%
  • 3-4 ас қасық сұйық май
  • 3-4 ас қасық соя соусы
  • 1 шәй қасық тұз

Қиярдың екі ұшын кесіп алып тастаймыз да, ортасынан екіге бөліп, әрқайсысын 3-4 бөлікке ұзындығынан бөлеміз. Тұз сеуіп, бетін жауып, 30 минутқа қойып қоямыз.
Етті, пиязды, тәтті бұрышты соломка ретінде тураймыз. Жусайды 3-4 бөлікке ортасынан бөлеміз.
Енді қиярдың суын төгіп тастаймыз да, қиярдың үстіне қызыл бұрыш, кориандр, езілген сарымсақ және шекерді қосамыз.
Қазандағы қыздырылған майға етті қуырамыз. Еттің суы тартылғанда пиязды, жусайды және соя соусын қосамыз. 1-2 минут қуырамыз да оттан түсіреміз. Енді қазандағы етті қиярдың үстіне қосамыз. Татті бұрышты және уксусты қосамыз. 5 минуттан соң бәрін араластырып, дастарханға қоямыз. Жылыдай немесе суықтай да жей беруге болады.

Осындай тамаша салаттың рецептімен бөліскендігі үшін Нүрияға зор алғыс білдіремін!!!

Пікірлер (2) »

Наурыз көже

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізбен баршаңызды құттықтаймын!!! Жаңа Жыл от басымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!!

koje.jpg

  • 1 кг. ет
  • қазы-қарта қалауыңызша
  • 100 гр. бидай
  • 100 гр. күріш
  • 100 гр. жарма (перловка)
  • 100 гр. тары
  • тұз
  • 3 л.су
  • 1 л. айран

Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатамыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатамыз. Екінші, перловканы және күрішті саламыз. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз.
Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап тураңыз. Енді еттерді және айранды сорпаға араластырамыз. 

Мен қазы-қартаны көжеге араластырмаймын, тек сорпа дәмді болсын деп қосамын. Қазы-қарта бөлек желінеді. Айранды қолдан ұйытып қосқаныңыз абзал, қолдың айранымен наурыз көже өте дәмді болады. Сондай-ақ, айранды көбірек қосып, наурыз көжені қоюлау жасағанды ұнатамыз.
 

Пікірлер (4) »

Ким-Чи

k2.jpg 

  • 1 кг Қытай қырықжапырағы (немесе өзімізге белгілі капуста)
  • 2 ас қасық тұз
  • 1 литр суық су
  • 0,5 литр қайнаған су

Приправа үшін:

  • 1 ас қасық езілген сарымсақ (чеснок)
  • 1 ас қасық имбирь ұнтағы (ginger)
  • 1 ас қасық езілген пияз
  • 3-4 ас қасық ұсақталып туралған көк пияз
  • 1 ас қасық езілген қызыл ашты бұрыш
  • 2 шәй қасық шекер
  • 1 ас қасық тұз

Қырықжапырақтың жапырақтарын жекелеп арасына тұз себеміз. Үстінен суық су құйып, үстін жақсылап бастырып, суық жерге 8 сағатқа немесе бір түнге қойып қоямыз. Жапырақтарды жақсылап сығып, суын толық шығарамыз. Таза сумен бір рет шайқаймыз да, қырыққабаттарды кептіреміз.
Приправа әзірлейтін мерзімелеріміздің үстіне ыстық суды құйып, жақсылап араластырамыз. Енді осы приправаны әр жапырақтың арасына жақсылап жағамыз.  Дайын болған ким-чилерді шишадан жасалынған ыдыстың ішіне салып, жақсылап аузын бекітеміз. Суық жерде кем дегенде 2 күн тұруы қажет.

Жалпы бір кг қырықжапырақтан 1кг ким-чи шығады.
Негізі Кореа ким-чилері өте ашты болады. Сіз бұрышты қалауыңызша қосып, аштылығын өз талғамыңызға қарай әзірлеуіңізге болады.

Пікірлер (4) »

Жаңа Жыл дастарханынан!

Өткен жексенбі күні Корей халқының Жаңа Жыл мерекесіне орай өткізген шет елдіктерге арналған фестиваліне барып қайттық. Корейлер қонақжайлылығын танытып, келген қауымға арнап дастархан жайып, ұлттық тағамдарынан да дәм татқызды. Сол дастарханнан Сіздерге сарқыт болсын, алған суреттерді ұсынамын :)
Сондай-ақ, шет елдіктерге өздерінің ұлттық тағамдарының қалай жасалатындығы жөнінде аспаздық дәрістерін өткізді. Үйренем деушілерге тек теориялық жүзінде ғана емес, практикалык тұрғыда да сабақтар өткізді. Менде қатысып, ким-чиді қалай жасау керектігін үйрендім :)
Айтпақшыдай осы фестивальда Бахытнұр досымыз дүниенің төрт бұрышынан жиналған қауымға елімізді таныстыру мақсатында presentation қойды, соңында қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй тартып, Корей халқын бір тамсандырып тастады. Бахытнұрға респект ;)

Күріштен жасалған, Корейлердің тәттісі.

Ким-чи

Жұмыртқадан жасалынған (арасында саңырауқұлақ бар)

Мынау фунчеза салатына ұқсайды, бірақ ішінде еттің орнына теңіз капустасы қосылған.

Мынау неше түрлі өсімдіктер. Төмендегі кішкентай күлшелердің арасына қалағаныңызды салып, орап жейсіз.

Әрине ақ күріштері мен ким жапырақтарынсыз Корейлердің дастарханын елестету мүмкін емес. Күрішті ким жапырақтарына орап жейді.

Мынау тағамның атын ұмытып тұрмын :) есіме түскенде жазармын. Өтеее ашты тағам.

Корейлердің ең сүйікті тағамдарының бірі ТОК. Бұл да күріштен жасалады. Жасалу процесі өте күрделі екен.

Ал мынау мен ким-чи жасап жатқан. :)

Пікірлер (9) »

Күркілдектің ұясы

 

  • 200 гр. тауық еті
  • 150 гр. катофель фри
  • 2 жұмыртқа
  • майонез
  • тұз

Тауық еті мен жұмыртқаларды алдын-ала қайнатып аламыз. Суыған соң ұзынша ши ретінде тураймыз. Картопты да ұзынша етіп турап, қыздырылған майға қуырып фри әзірлейміз. Енді осылардың барлығын майонезбен араластырып, тұз қосамыз. Ұядағы жұмыртқалар үшін мен кішкентай күркілдектің жұмыртқаларын пайдаландым. Оның орнына жұмыртқаның ағын сырмен, майонезбен араластырып кішкентай жұмыртқалар жасауыңызға да болады.

Пікірлер (7) »

Балық сорпасы

  • 1 тал пияз
  • 200 гр. ким-чи салаты
  • 200 гр. ай құлақ (clams)
  • 300 гр. балық. (сүйегі жоқ болу керек)
  • 100 гр. шаян (shrimp)
  • жусай
  • 2 ас қасық зейтүн майы
  • тұз
  • 1л.су

Корей асханасының тағы бір ерекшелігі: тағамдары жылдам әзірленетіндігімен және минералға бай су жәндіктерімен жасалатындығы.
Бұл сорпа бар-жоғы 20 минуттың ішінде әзір болады.
Қыздырылған зейтүн майына ірілеу туралған пиязды жақсылап қуырамыз. Пияз қуырылып дайын болған кезде ким-чи салатын салып, 1 минуттай ғана қуырып аламыз да, қазанға су құямыз. Қазан қайнаған кезде балықты турап саламыз, ай құлақтарды да бірге салып, 15 минут қайнатамыз. Дайын болды-ау деген кезде жусайды салып, тағы 5 минуттай қайнатамыз, татымына қарай тұз саламыз.
Сорпамыз дайын, қасына міндетті түрде бір шыны піскен күріш қоясыз. Себебі, Корей елінің сорпаларын күрішсіз ішуге болмайды. Күрішті алдын-ала бөлек пісіріп алуыңыз қажет. Күрішті сорпаға салып ішесіз немесе ким жапырақтарына орап жейсіз.
Астарыңыз дәмді болсын!

Пікірлер (9) »

Жаңғақ торты

  • 150 гр. ұн
  • 1/2 шәй қасық тұз
  • 1 шәй қасық разрыхлитель
  • 100 гр. шекер
  • 150 гр. жаңғақ + 150 гр. жаңғақ
  • 60 гр. сары май
  • 60 мл. сүт
  • 1 шәй қасық ванила ұнтағы
  • 2 жұмыртқа

Крем үшін:

  • 100 гр. сгущенка сүті
  • 100 гр. сары май

Табаның ішінде ұнды, тұзды, разрыхлительді және үгітілген жаңғақты араластырамыз.
Екінші табада ерітілген сары майды, шекерді және жұмыртқаларды жақсылап миксерлейміз. Енді осыны бірінші табадағы ұндарға қосып, жақсылап араластырып, осы қоспалардың үстіне сүтті, ванилинді араластырамыз. Жақсылап араластырып, арнайы торт пісіретін ыдысыңызға құйып, пешке қойыңыз. 200 градуста 40 минут пісіріңіз.
Кремді қарапайым тәсілмен даярладым, сгущенка сүті мен сары майды жақсылап миксерлеп, торттың ортасына және сыртына жағыңыз. Енді кремнің үстіне үгітілген жаңғақты себіңіз. Қалауыңызша сәндеңіз.
Жалпы жаңғақ қосылған торттарды ұнататындығымнан, торт дәмді шықты.

Пікірлер (1) »

Картопты рулет

3 тал ірі картоп
2 жұмыртқа
тұз, қара бұрыш

Ішіне:
1 ірі қызанақ
1 сәбіз
1 пияз
 
Картоптарды ірі үккіштен өткізіп, жұмыртқамен араластырамыз. Татымына қарай қара бұрыш және тұз қосамыз. Енді ыдыстың  астына қағаз төсеп, май жағып, қатоптарды тегістеп жаямыз. 20 минутқа пешке қоямыз.
Қыздырылған майға пияз бен сәбізді, қызанақты қуырып, тұз саламыз.
Қартоп піскен соң, пештен шығарып, үстіне сәбіз қуырмасын тегістеп жайып, рулет ретінде ораймыз.
Ішіне фарш та салуға болады, енді оны өзіңіздің қалауыңыз білсін.

Пікірлер (4) »

Нан қуырдақ

 

  • 500 гр. ет
  • 4-5 тал картоп
  • 1 үлкен пияз
  • 1 тал үлкен сәбіз
  • 2 тал болгар бұрышы
  • 300 гр. қырыққабат
  • 2 тал қызанақ немесе томат пастасы
  • сұйық май
  • тұз (татымына қарай)
  • 2-3 стақан су

Қамыр үшін:

  • 1 жұмыртқа
  • 100 мл. су
  • 2 стақан ұн
  • тұз
  • бір пияз
  • сұйық май

Қамыр илеп, біраз уақытқа иін қандыру үшін ыдыспен төнкеріп қоямыз.
Енді жоғарыдағы көрсетілген көкөністерді турап, кезек-кезегімен қазандағы қыздырылған майға қуырамыз.
Әуелі етті жақсылап қуырып аламыз, сосын кезегімен пияз, болгар бұрышы мен сәбізді, қызанақты, сосын қырыққабатты, соңында барып картопты салып 3-4 минуттай қуырып, су құямыз. Су қазандағы қуырдақтарыңыздан аспауы қажет, екеуі бірдей көлемде болып тұрғаны жақсы.

Қазанымыз қайнағанша қамырды жаюға кірісейік. Иі қанған қамырды жұқалап  (шамамен 0,5 см) жайып, бетіне толықтай май жағамыз да, ұсақталып туралған пиязды себеміз. Енді қамырды бір ұшынан бастап дөңгелетіп ораймыз. Оралған қамырды қазандағы қайнап жатқан  еттердің бетіне айналдыра қойямыз. Оттың астын пәсейтіп, қазанның қақпағын мықтап жауып 30-40 минуттай пісіреміз. Қамыр осылайша қуырдақтың буына піседі. Дайын болған қамырды шет-шетінен кесіп, арасына еттерді орап жейді.

Астарыңыз дәмді болсын!

Пікірлер (3) »