
Мұрағат Uncategorized
Ким-Чи
-
1 кг Қытай қырықжапырағы (немесе өзімізге белгілі капуста)
-
2 ас қасық тұз
-
1 литр суық су
-
0,5 литр қайнаған су
Приправа үшін:
-
1 ас қасық езілген сарымсақ (чеснок)
-
1 ас қасық имбирь ұнтағы (ginger)
-
1 ас қасық езілген пияз
-
3-4 ас қасық ұсақталып туралған көк пияз
-
1 ас қасық езілген қызыл ашты бұрыш
-
2 шәй қасық шекер
-
1 ас қасық тұз
Қырықжапырақтың жапырақтарын жекелеп арасына тұз себеміз. Үстінен суық су құйып, үстін жақсылап бастырып, суық жерге 8 сағатқа немесе бір түнге қойып қоямыз. Жапырақтарды жақсылап сығып, суын толық шығарамыз. Таза сумен бір рет шайқаймыз да, қырыққабаттарды кептіреміз.
Приправа әзірлейтін мерзімелеріміздің үстіне ыстық суды құйып, жақсылап араластырамыз. Енді осы приправаны әр жапырақтың арасына жақсылап жағамыз. Дайын болған ким-чилерді шишадан жасалынған ыдыстың ішіне салып, жақсылап аузын бекітеміз. Суық жерде кем дегенде 2 күн тұруы қажет.
Жалпы бір кг қырықжапырақтан 1кг ким-чи шығады.
Негізі Кореа ким-чилері өте ашты болады. Сіз бұрышты қалауыңызша қосып, аштылығын өз талғамыңызға қарай әзірлеуіңізге болады.
Жаңа Жыл дастарханынан!
Өткен жексенбі күні Корей халқының Жаңа Жыл мерекесіне орай өткізген шет елдіктерге арналған фестиваліне барып қайттық. Корейлер қонақжайлылығын танытып, келген қауымға арнап дастархан жайып, ұлттық тағамдарынан да дәм татқызды. Сол дастарханнан Сіздерге сарқыт болсын, алған суреттерді ұсынамын ![]()
Сондай-ақ, шет елдіктерге өздерінің ұлттық тағамдарының қалай жасалатындығы жөнінде аспаздық дәрістерін өткізді. Үйренем деушілерге тек теориялық жүзінде ғана емес, практикалык тұрғыда да сабақтар өткізді. Менде қатысып, ким-чиді қалай жасау керектігін үйрендім ![]()
Айтпақшыдай осы фестивальда Бахытнұр досымыз дүниенің төрт бұрышынан жиналған қауымға елімізді таныстыру мақсатында presentation қойды, соңында қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй тартып, Корей халқын бір тамсандырып тастады. Бахытнұрға респект

Күріштен жасалған, Корейлердің тәттісі.

Ким-чи

Жұмыртқадан жасалынған (арасында саңырауқұлақ бар)

Мынау фунчеза салатына ұқсайды, бірақ ішінде еттің орнына теңіз капустасы қосылған.


Мынау неше түрлі өсімдіктер. Төмендегі кішкентай күлшелердің арасына қалағаныңызды салып, орап жейсіз.


Әрине ақ күріштері мен ким жапырақтарынсыз Корейлердің дастарханын елестету мүмкін емес. Күрішті ким жапырақтарына орап жейді.

Мынау тағамның атын ұмытып тұрмын
есіме түскенде жазармын. Өтеее ашты тағам.

Корейлердің ең сүйікті тағамдарының бірі ТОК. Бұл да күріштен жасалады. Жасалу процесі өте күрделі екен.


Ал мынау мен ким-чи жасап жатқан.
Картопты рулет

3 тал ірі картоп
2 жұмыртқа
тұз, қара бұрыш
Ішіне:
1 ірі қызанақ
1 сәбіз
1 пияз
Картоптарды ірі үккіштен өткізіп, жұмыртқамен араластырамыз. Татымына қарай қара бұрыш және тұз қосамыз. Енді ыдыстың астына қағаз төсеп, май жағып, қатоптарды тегістеп жаямыз. 20 минутқа пешке қоямыз.
Қыздырылған майға пияз бен сәбізді, қызанақты қуырып, тұз саламыз.
Қартоп піскен соң, пештен шығарып, үстіне сәбіз қуырмасын тегістеп жайып, рулет ретінде ораймыз. Ішіне фарш та салуға болады, енді оны өзіңіздің қалауыңыз білсін.
Доунаттар
500гр.ұн
6 жұмыртқаның сарысы
60 гр.сары май
50 гр.құмшекер
2 стақан сүт (400мл)
2 шәй қасық дрожь
2/1 шай қасық тұз
Сүтті жылытып алып, шекер мен дрожьды араластырамыз. Ыдыстың бетін қақпақпен жауып 20 минутқа жылы жерге қоямыз. Дрожь сүттің бетіне шығып, көбіктенуі қажет.
Енді бөлек ыдыста ұн, тұз, жұмыртқаның сарысын және ерітілген сары майды араластырып, осы қоспалардың үстіне көбіктенген сүтті араластырамыз. Жұмсақ қамыр илеп, 30-40 минутқа бетін жауып, қоямыз.
Қамыр көтерілген соң күлшелерге бөліп, 2 см. қалыңдықта жаямыз. Енді шеңбер тәрізді домалақтап кесіп, ортасын тесіп, қыздырылған майда екі жағын кезек-кезек аударып қуырамыз. Піскен донаттардың үстіне қант ұнтағын себеміз.
Жаңа 2008 жыл!
Жаңа Жыл құтты болсын ағайын!!! Жаңа Жыл отбасыларыңызға бақыт пен шаттық алып келсін!!! Жаңа Жылда дастархандарыңыз тек жақсылыққа жайылсын!!!
Мына шырша торты жаңа жыл дастарханынан сіздерге сарқыт.

Жаңа жыл басталысымен өзіме демалыс жариялап отырмын
, біраз уақытқа дейін блогыма рецептер ілінбейді. Айдың соңына таман амандықпен жүздескенше!!!




