
Мұрағат Тәтті тағамдар
Доунаттар
500гр.ұн
6 жұмыртқаның сарысы
60 гр.сары май
50 гр.құмшекер
2 стақан сүт (400мл)
2 шәй қасық дрожь
2/1 шай қасық тұз
Сүтті жылытып алып, шекер мен дрожьды араластырамыз. Ыдыстың бетін қақпақпен жауып 20 минутқа жылы жерге қоямыз. Дрожь сүттің бетіне шығып, көбіктенуі қажет.
Енді бөлек ыдыста ұн, тұз, жұмыртқаның сарысын және ерітілген сары майды араластырып, осы қоспалардың үстіне көбіктенген сүтті араластырамыз. Жұмсақ қамыр илеп, 30-40 минутқа бетін жауып, қоямыз.
Қамыр көтерілген соң күлшелерге бөліп, 2 см. қалыңдықта жаямыз. Енді шеңбер тәрізді домалақтап кесіп, ортасын тесіп, қыздырылған майда екі жағын кезек-кезек аударып қуырамыз. Піскен донаттардың үстіне қант ұнтағын себеміз.
Халва
Бұл халваның рецептін интернеттен тапқаныма қатты қуандым. Егер шет елде болсаң кейде Казақстанда күнде жеп жүрген тағамдарыңды жегің келіп, аңсайтын кездер болады. Себебі, өзге елде олардың көпшілігін тауып жеу оңайға соқпайды. Сондай тағамдарымның бірі осы халва еді. Өзім жасап үйреніп алсам екен деп жүргенімде, іздегенім алдымнан шықты. Енді халва сүйер қауыммен де бөліскім келеді.
2 стақан шемішке (немесе пісте)
1,5 стақан ұн
1/2 стақан шекер
1/2 стақан су
70 гр. пісте майы (немесе сұйық майдың кез-келген түрі)
Әуелі су мен шекерді қайнатып, сироп дайындап алыңыз.
Шемішкені қазанға салып, отқа қуырамыз. енді қуырылған шемішкені қабығымен бірге ет тарткыштан өткіземіз. Ұнды да ыстық қазанда үнемі қозғап отырып,қоныр түске енгенше қуырамыз. Енді ұнды ет тартқыштан өткізілген шемішкемен араластырып, біріккен ұнтақты қайта ет тартқыштан өткіземіз.
Енді майды араластырып, жақсылап қозғап, сосын қанттан жасалынған сиропты да араластырып, тоңазытқышқа 1.5-2 сағатқа койып қоямыз.
Апельсинді бисквиттер
-
125 гр сары май
-
2/3 стақан шекер
-
1 жұмыртқаның сарысы
-
1 апельсин цедрасы
-
1 стақан + 2 ас қасық ұн
Крем үшін:
-
2 ас қасық сары май
-
1/2 стақан қант пудрасы
-
2 ас қасық апельсин шырыны
Май мен шекерді жақсылап миксерлейміз. Оған жұмыртқаның сарысы мен апельсин цедрасын араластырамыз. Енді ұнды қосып, қамыр илейміз. 15 минутқа тоңазытқышқа қоямыз.
Енді қамырды жайып, 0.5 см қалыңдықта шеңбер тәрізді формада кесеміз. 180 градуста 15 минутқа пешке қоямыз. Бисквиттер дайын болғанша кремді әзірлеуге кірісеміз.
Май мен шекер пудрасын араластырамыз, оған апельсин шырынын қосамыз. Cосын дайын болған бисквиттердің ортасына кремді жағамыз.
Алмадан оладьи
-
300 гр.алма
-
2 ас қасық шекер
-
1/4 шәй қасық тұз және сода
-
2 жұмыртқа
-
0,5 стақан ұн
-
сұйық май немесе сары май
Алманы үккіштен өткіземіз. Бұған жұмыртқаны, шекерді қосып, араластырамыз. енді сода мен тұзды, сосын ұнды қосамыз. Біраз араластырып, қазандағы майға қасықпен құйып, пісіреміз. Сурет
Оладьиді сары майда қуырған және ыстықтай жеген дәдірек болады.
Картошка пирожное
Картошка пирожноесі менің бала күнімнен сүйсініп жейтін ең сүйкті тәттілерімнің бірі. Сондықтан, блогымның алғашқы рецептін осы сүйкті тағамыммен бастадым
-
300 гр. қатқан нан (сухарики)
-
0.5 стакан сүт
-
0.5 стакан шекер
-
1 стакан жаңғақ
-
550 гр. сары май
-
2 ас қасық какао немесе 100 гр. шоколад
Қатқан нан мен жаңғақты ет тартқыштан өткізіңіз. Кішілеу ыдысқа сүтті құйып шекерменен какаоны араластырыңыз. Егер дәмі жақсы шықсын десеңіз шоколад қосқаныңыз дұрыс. Енді осыны отқа қойып қайнатамыз. Қайнаған соң сары майды қосамыз. Енді оттан алып сәл салқындатамыз. Біраздан кейін, ет тартқыштан өткізілген қатқан нан мен жаңғақ қоспасына осы кремді араластырамыз. 15-минутқа қойып қойыңыздар. Енді картоп кейіпіне ұқсатып сәндеп, жей беріңіздер.



