Мұрағат Торт

Ертегі торты

Бала күнімізде жейтін <<Сказка>> торты көпшілігіміздің есімізде болар. Міне сол торттың рецептін бөліскелі отырмын. Түрі ұқсамағанымен,  дәмі дәл өзі ;)

dscf4846.jpg

  • 3 жұмыртқа
  • 1,5 стақан шекер (300гр.)
  • 200 гр. сары май
  • 1,5 стақан қаймақ.
  • 1,5 стақан ұн (300 гр.)
  • 1,5 шәй қасық сода
  • 0,5 сатқан мейіз
  • 0,5 стақан мак
  • 0,5 стақан ұнтақаталған жаңғақ

Крем:

  • 1 банка татті сүт (сгущенка)
  • 200 гр. сары май

Жұмыртқа+шекер+сары май+қаймақты араластырып, жақсылап миксерлейміз. Енді осыны 3 ыдысқа теңдей бөлеміз.
Бөлек табада 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан макты араластырамыз.
Осы ұн қоспасын бірінші табаға араластырамыз.
Тағы 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан мейізді араластырамыз.
Бұны екінші табаға араластырамыз.
Тағы 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан ұнтақталған жаңғақты араластырамыз. Бұны үшінші табамен араластырамыз.
Кезек-кезек арнайы торт пісіретін формаға құйып, 180 гр. 30 минуттан пісіреміз.

Крем үшін бір банка тәтті сүт пен сары майды жақсылап миксерлеңіз. Нандардың арасына, бетіне жағып, торттың бетіне жаңғақ ұнтақтары, шоколад ұнтағы және тәтті нан ұнтағынан себіңіз. Қалауыңызша сәндеңіз. 

Пікірлер (7) »

Жаңғақ торты

  • 150 гр. ұн
  • 1/2 шәй қасық тұз
  • 1 шәй қасық разрыхлитель
  • 100 гр. шекер
  • 150 гр. жаңғақ + 150 гр. жаңғақ
  • 60 гр. сары май
  • 60 мл. сүт
  • 1 шәй қасық ванила ұнтағы
  • 2 жұмыртқа

Крем үшін:

  • 100 гр. сгущенка сүті
  • 100 гр. сары май

Табаның ішінде ұнды, тұзды, разрыхлительді және үгітілген жаңғақты араластырамыз.
Екінші табада ерітілген сары майды, шекерді және жұмыртқаларды жақсылап миксерлейміз. Енді осыны бірінші табадағы ұндарға қосып, жақсылап араластырып, осы қоспалардың үстіне сүтті, ванилинді араластырамыз. Жақсылап араластырып, арнайы торт пісіретін ыдысыңызға құйып, пешке қойыңыз. 200 градуста 40 минут пісіріңіз.
Кремді қарапайым тәсілмен даярладым, сгущенка сүті мен сары майды жақсылап миксерлеп, торттың ортасына және сыртына жағыңыз. Енді кремнің үстіне үгітілген жаңғақты себіңіз. Қалауыңызша сәндеңіз.
Жалпы жаңғақ қосылған торттарды ұнататындығымнан, торт дәмді шықты.

Пікірлер (1) »

Наполеон

 

 

Халқымыздың “көз қорқақ, қол батыр” деген даналығы тегін айтылмаса керек. Осы торт жасауға еш көңілім дауаламайтын. Пісіре алмаймын деп ойлаушы едім, сөйтсем, қателескен сияқтымын, адам шын көңілімен істесе алмайтын асуы, бағындырмайтын белесі жоқ екен :)
Көптен қандай торт пісірсем екен деп ойланып, Наполеон тортын пісірейін деген шешімге келдім. Неге Наполеон десеңіз, бұл менің сүйкті тортым. Сондықтан, іске сәт деп осы тортты пісіруге бел байладым. Иә, алғашқы тортым күтпеген жерден жақсы шықты. Бірақ бір кемшілік, кремі сәл аздау болып қалды, бірақ мен үшін ол тіпті жақсы болды :) Себебі, жалпы торттың кремін онша ұнатпаймын.

Қамыр үшін:

  • 300 гр. сары май
  • 4 стақан ұн
  • 1 стақан айран
  • сода, (күйдірілген)
  • 1 жұмыртқа

Крем үшін:

  • 1,5 стақан сүт
  • 1 стақан шекер
  • 2 жұмыртқа
  • 300 гр.сары май

Бірінші сары май мен ұнды араластырамыз.
Екінші бөлек ыдыста айран мен күйдірілген соданы араластырып, енді осыны бірінші қоспаға араластырып, жұмыртқаны қосамыз. Жұмсақ қамыр шығуы тиіс. Қамырды 15 бөлікке бөлеміз де, тоңазытқышқа 2 сағатқа қоямыз.

Енді қамырымызды бөлек-бөлек өте жұқа қалыпта жайып, пешке салып әрқайсысын 200С-та 5  минуттан пісіреміз.

Крем үшін әуелі сүт пен шекер, жұмыртқаларды араластырып, қайнатамыз. Бір қайнаған кезде оттан түсіріп, суық жерге қоямыз. Енді осыған сары майды араластырып, жақсылап миксерлеп, тоңазытқышқа 5-10 минутқа қойыңыз. 
Дайын болған кремді 12 қабатты торттың арасына жағып, 3 қабатын үгітіп торттың үстіне, жан-жағына себіңіз. Наполеон торты дайын, енді кем дегенде бір түнге немесе 7-8 сағатқа салқын жерге қойыңыз.

Пікірлер (2) »