Мұрағат Салаттар

Қияр мен ет салаты

 koreisalaty.jpg

  • 1 кг. қияр
  • 500 гр. ет (қой н/е сиыр еті)
  • 1 кіші пияз
  • 1 уыс жусай
  • 1 тал тәтті бұрыш
  • 2 тал сарымсақ (чеснок)
  • 1/2 шәй қасық қызыл ашты бұрыш және шекер
  • 1 шәй қасық кориандр
  • 2 ас қасық уксус 5%
  • 3-4 ас қасық сұйық май
  • 3-4 ас қасық соя соусы
  • 1 шәй қасық тұз

Қиярдың екі ұшын кесіп алып тастаймыз да, ортасынан екіге бөліп, әрқайсысын 3-4 бөлікке ұзындығынан бөлеміз. Тұз сеуіп, бетін жауып, 30 минутқа қойып қоямыз.
Етті, пиязды, тәтті бұрышты соломка ретінде тураймыз. Жусайды 3-4 бөлікке ортасынан бөлеміз.
Енді қиярдың суын төгіп тастаймыз да, қиярдың үстіне қызыл бұрыш, кориандр, езілген сарымсақ және шекерді қосамыз.
Қазандағы қыздырылған майға етті қуырамыз. Еттің суы тартылғанда пиязды, жусайды және соя соусын қосамыз. 1-2 минут қуырамыз да оттан түсіреміз. Енді қазандағы етті қиярдың үстіне қосамыз. Татті бұрышты және уксусты қосамыз. 5 минуттан соң бәрін араластырып, дастарханға қоямыз. Жылыдай немесе суықтай да жей беруге болады.

Осындай тамаша салаттың рецептімен бөліскендігі үшін Нүрияға зор алғыс білдіремін!!!

Пікірлер (2) »

Ким-Чи

k2.jpg 

  • 1 кг Қытай қырықжапырағы (немесе өзімізге белгілі капуста)
  • 2 ас қасық тұз
  • 1 литр суық су
  • 0,5 литр қайнаған су

Приправа үшін:

  • 1 ас қасық езілген сарымсақ (чеснок)
  • 1 ас қасық имбирь ұнтағы (ginger)
  • 1 ас қасық езілген пияз
  • 3-4 ас қасық ұсақталып туралған көк пияз
  • 1 ас қасық езілген қызыл ашты бұрыш
  • 2 шәй қасық шекер
  • 1 ас қасық тұз

Қырықжапырақтың жапырақтарын жекелеп арасына тұз себеміз. Үстінен суық су құйып, үстін жақсылап бастырып, суық жерге 8 сағатқа немесе бір түнге қойып қоямыз. Жапырақтарды жақсылап сығып, суын толық шығарамыз. Таза сумен бір рет шайқаймыз да, қырыққабаттарды кептіреміз.
Приправа әзірлейтін мерзімелеріміздің үстіне ыстық суды құйып, жақсылап араластырамыз. Енді осы приправаны әр жапырақтың арасына жақсылап жағамыз.  Дайын болған ким-чилерді шишадан жасалынған ыдыстың ішіне салып, жақсылап аузын бекітеміз. Суық жерде кем дегенде 2 күн тұруы қажет.

Жалпы бір кг қырықжапырақтан 1кг ким-чи шығады.
Негізі Кореа ким-чилері өте ашты болады. Сіз бұрышты қалауыңызша қосып, аштылығын өз талғамыңызға қарай әзірлеуіңізге болады.

Пікірлер (4) »

Күркілдектің ұясы

 

  • 200 гр. тауық еті
  • 150 гр. катофель фри
  • 2 жұмыртқа
  • майонез
  • тұз

Тауық еті мен жұмыртқаларды алдын-ала қайнатып аламыз. Суыған соң ұзынша ши ретінде тураймыз. Картопты да ұзынша етіп турап, қыздырылған майға қуырып фри әзірлейміз. Енді осылардың барлығын майонезбен араластырып, тұз қосамыз. Ұядағы жұмыртқалар үшін мен кішкентай күркілдектің жұмыртқаларын пайдаландым. Оның орнына жұмыртқаның ағын сырмен, майонезбен араластырып кішкентай жұмыртқалар жасауыңызға да болады.

Пікірлер (7) »

Талғам салаты

 

Қызылшаны жақсы көретінімдіктен, салаттарымның көбі қызылшадан жасалынады. Міне тағы бір қызылшадан жасалынатын салаттың түрі.

  • 1 кіші қызылша
  • 50 гр. тұздалған қияр
  • 0,5 банка жүгері дәні
  • 0,5 стақан жаңғақ
  • майонез
  • жүзім немесе анар дәнегі

Қызылшаны ірі үккіштен өткізесіз. Тұздалған қиярды кубик ретінде тураймыз. Жүгері дәнін, жаңғақты осы қоспаларға қосып, майонезбен араластырамыз. Бетін жаңғақпен, жүзім немесе анар дәнектерімен сәндейміз.

Пікірлер (1) »

Мексикан салаты

 

Бұл салаттың аты неліктен Мексикан салаты аталғанын білмеймін :) Жазда ауылға барғанымда жеңелерім үйреткен еді, өте ұнап қалды, дәмді салат екен. Бірақ неге Мексикан деп аталады десем, ешкім жауап бере алмады. Сосын АҚШта бірге оқыған мексикан құрбымнан сұрадым, сендерде осындай салат бар ма деп :) бірақ ол құрбымның мұндай салаттан хабары жоқ болып шықты. Мейлі, салаттың аты маңызды емес, маңыздысы дәмділігі. :)

  • 150 гр. тауық немесе қой еті
  • 2 қызанақ
  • 2 қияр
  • 100 гр. сыр
  • 2 ас қасық майонез
  • көк бұршақ

Етті алдын ала қайнатып аламыз.
Жоғарыда көрсетілген заттарды кішкене төртбұрыш ретінде турап, майонезбен араластырасыз.

Пікірлер (1) »

Анар cалаты

  • 2 тал алма
  • 1 тал анар
  • 1 тал қызылша
  • 100гр. жаңғақ
  • 2 ас қасық майонез

Қызылшаны алдын-ала қайнатып аламыз. Алманы, қызылшаны ұзынша (соломка) ретінде тураймыз. Енді осыған жаңғақ пен анарды қосып, бәрін майонезбен араластырамыз. Салатымыз дайын. Өте дәмді, әрі витоминге бай салат.

Пікірлер (5) »

Саңырауқұлақ салаты

dscf3599.jpg 

Бұл салаттың рецептін массаған.ком сайтының мүшесі Жұлдыз деген никті кыздан алдым. Жасалынуы жылдам, дәмді және өте тойымды салат екен. Жұлдызға зор алғыс білдіремін. Алда да осындай дәмді салаттарының рецептерімен бөлісер деген үміттемін!

  • 150 гр. саңырауқұлақ
  • 1 тал пияз
  • 3 жұмыртқа
  • 2 ас қасық майонез
  • сұйық май
  • тұз және қара бұрыш

Жұмыртқаларды алдын-ала қайнатып аламыз. Пиязды ұзынша етіп турап, сарғыш түске енгенше майға қуырамыз.Саңырауқұлақтарды пластик ретінде турап, оны қуырылып жатқан пияздың үстіне қосып, жай отта 10 минуттай бірге қуырамыз. Енді піскен жұмыртқаларды ұзынша етіп турап, қуырылған пияз бен саңырауқұлаққа араластырып, татымына қарай тұз, бұрыш және майонезбен араластырамыз. Салат дайын, енді ыдысқа салып, дастарханға коя беруге болады.

Пікірлер (2) »

Қызылша салаты

dscf3484.jpg

  • 1 кішілеу қызылша
  • 1 картоп
  • 1 сәбіз
  • 1 кішкентай пияз
  • 2 тал тұздалған қияр
  • зейтүн майы және тұз

Қызылшаны және картоп пен сәбізді қайнатып аламыз. Жоғарыдағы көрсетілген қоспалардың барлығын кішілеу кубиктер ретінде тураймыз. Ал, пиязды ұсақтап тураған жөн. Енді туралғандардың барлығын араластырамыз да, зейтүн майын және татымына қарай тұз қосып, қалауыңызша сәндеп, дастарханыңызға қойып, жей беруіңізге болады.
Бұл салатқа мандариндердің ешқандай қатысы жоқ, мен жәй, сән болсын деп қойғаным ғой. :)

Пікірлер (4) »