Мұрағат Нан тағамдары

Банана маффиндері

banana.jpg 

  • 2 жұмыртқа
  • 3 банана
  • 2 стақан ұн
  • 0,5 шәй қасық тұз
  • 1 стақан шекер (200 гр.)
  • 0,5 шәй қасық сода
  • 1 шәй қасық разрыхлитель
  • 1/3 стақан май

Бананаларды еземіз. Бір ыдыста ұнды, соданы, разрыхлительді және тұзды араластырамыз. 
Бөлек ыдыста жұмыртқа мен шекерді жақсылап миксерлейміз, осының үстіне езілген бананаларды және майды қосып, араластырамыз. Енді бірінші ыдыстағы ұн қоспалары мен екінші ыдыстағы қоспаларды біріктіріп, жақсылап араластырамыз да маффин құятын ыдысымызға қасықтап құямыз.
190 гр. = 20 минут пісіреміз.

Шамамен 12 маффин шығады. 

Пікірлер (5) »

Шримп бауырсақтары

 

Ішіне:

  • 150гр. шаян (шримп)

Қамыр үшін:

  • 100 гр.сүт
  • 1 жұмыртқа
  • сода
  • тұз
  • 50 гр. ұн
  • сұйық май (қуыру үшін)

Әуелі шаяндарды қазандағы майға 5 минуттай қуырып алыңыз.
Қамыр қоспаларын араластырып, қоюлау(қатты қою болмасын, құймақтың қамырынан сәл қою болса жарайды)қамыр әзірлейміз.
Енді шаяндарды бір-бірлеп қамырға батырып алып, қазандағы қыздырылған майға қуыра беріңіз.
Шамамен 1,5 кг-дай бауырсақтар шығады. Бұл бауырсақтарды, әсіресе, айранмен ішіп-жесеңіз өте дәмді. :)

Пікірлер (7) »

Чак-чак

 

  • 2 стақан ұн (400гр.)
  • 2 жұмыртқа
  • 1 ас қасық қант
  • 3 ас қасық майонез
  • 50 гр.бал
  • 100 гр. мейіз

Жұмыртқа, қант, майонезді жақсылап араластырамыз, енді ұн қосып сәл қаттылау қылып қамыр илейміз. Қамырыңызды 10 минуттай табамен төнкеріп қойыңыз.
Енді иі қанған қамырыңызды жайып, кішілеу тайяқшалар ретінде кесіңіз, қазандағы майға салып, сәл қызартыңқырап қуырып алыңыз.
Ши бауырсақтарға жуып, тазаланған мейізді қосып, балмен жақсылап араластырыңыз. Дайын болған чак-чакты тоңазытқышқа жарты сағатқа қойып қойыңыз.

Пікірлер (6) »

Кекс

dscf2608.jpg

  • 3 жұмыртқа

  • 50гр.сұйық май

  • 1 стақан қант (200гр.)

  • 1,5 стақан ұн

  • сода және ванилин

  • арасына жер жаңғақ немесе мейіз қоссаңыз болады.

Жұмыртқа мен шекерді жақсылап араластырыңыз, осыған майды қосып тағы біраз уақыт араластыру керек. енді сода мен ванилинді араластырамыз. ең соңында ұнды қосып тағы біраз миксерлеп, формаға құямыз. 200*С 30-35 минут пісіреміз.

Пікірлер (3) »

Самса

dscf1906.jpg 

қамыр үшін:

 

  • 4 стақан ұн

  • 100гр.сары май

  • 0,5 стақан айран

  • 2 жұмыртқа

  • сода жане тұз

ішіне:

800гр. асқабақ

тұз және қара бұрыш

қамырды илеп, 30 минутқа тоңазытқышқа қойып қойыңыз.

асқабақтың ішін тазалап,суға қайнатып аламыз, жұмсарды-ау дегенде оттан алып, асқабақты еземіз, тұз және қара бұрыш қосамыз.

енді қамырды жайып, ішіне асқабақтан әзірленген фаршты салып, қалауыңызша формаға келтіріп, 200*С 20 минут пісіреміз.

Пікірлер (6) »