Жент

Жент қазақтың ұлттық тағамы. Сірә бізден басқа ешбір ел жасамайтын болса керек, тіпті Қазақтардың ішінде де кеңге таралмаған, бірі білсе бірі білмес.
Бала күнімде есімде жентті апам ауызашарға дайындап жататын. Ал қазір бұл тағам біздің үйдің дастарханынан үзілмейді, мамамның жентін сағынатындығымыз соншалық, шет елге де асырып жатамыз, ешбір кедендік бақылаудан қорықпастан :)

 

 

  • 0,5 кг тары талқаны
  • 0,5 кг шекер
  • 300 гр. қара мейіз
  • 300 гр. ерітілген сары май

Жоғарыдағылардың барлығын жақсылап араластырып, дайын болған жентті суық жерге қоямыз. Жент қатқан соң кесіп-кесіп, дастарханға қойып, жей беруіңізге болады.
Қара мейіз үйде таусылып қалған соң сары мейіз қосқан едік суретте көрінбей қалыпты :)

Ойыңызды айтыңыз