Жамчи Ким-Чи Пукымбап

dscf4814.jpg 

Яғни  Күрішпен араласқан Туна мен Ким-Чи дегенді білдіреді :)
Жасалынуы оңай, әрі жылдам. Біздің сүйкті тағамдарымыздың бірі.

  • 3 стақан күріш
  • 200 гр. ким-чи
  • 300 гр. туна балығы
  • 0,5 банка жасыл бұршақ
  • 1 пияз
  • сұйық май
  • тұз
  • жұмыртқа

Қазанда майды қыздырып, ірілеу етіп туралған  пиязды 1 минуттай ғана қуырамыз. Үстіне ким-чиді салып тағы 1 минуттай ғана қуырып, 3 стақан су құямыз. Қазан қайнаған соң тұз салып, алдын-ала жуылған күрішті салып қайнатамыз. Күрішіміз суға сәл ғана батып тұруы қажет. Қазан қайнаған соң, оттың астын пәсейтіп, күрішті демдейміз. Күрішіміз пісті-ау дегенде туна мен жасыл бұршақты араластырамыз. Енді тағы 5-10 минутқа демдеп қоямыз.
Ал жұмыртқаны адам санына қарай бөлек ыдыста қуырамыз. Тағам дайын болып, жеке-жеке ыдысқа салынғанда, қасына жұмыртқадан қоямыз. :)
 

8 жауаптар қазірге дейін »

  1. 1

    bakytnur айтады,

    O mine! Spice az koskanyn bilinip tur!

  2. 2

    elvira айтады,

    suret ote ademi shigipti!

  3. 3

    technosyndrom айтады,

    Ақбантик, Сіздің блогтағы кәріс апталығынан кейін көздерім сығырайып, бойым кішірейіп бара жатыр ма қалай өзі… :)

  4. 4

    akbantik айтады,

    :) hehe kozding sygyraiganynan korykpai-ak koiyngyz, kaita jigitterge jarasady sygyraigan koz.
    al boiyngyzdyng kishireip bara jatkany menin tamaktarymnan emes-au, jastyng ulgaiganynan bolar shamasy ;)

  5. 5

    Айко айтады,

    мынаның күршін кәдімгідей КЗдағыдай қуру керек пе? әлде кашаваркада қайнату керек пе? қурылғанға көп ұқсайды екен. Ким-чидің орнына біздегі приправалар қосып көрсе не болар екен а? ким-чи деп отрғанымыз біздегі корейлік привравалар емес пе екен? сосын ТУНА дегеніңіз анау жатқан етке ұқсас дүние ме? туна жоқ болса қазақтарға ет пісріп сала берсе бола ма?

    маған күріштің түсі сондай ұнап жатр. Эххх шіркін Корея. Күріштің түрін жақсы көрем қайнатылған, қуырылған, басылсағ, асылған. отказ жоқ өте жақсы көрем.

  6. 6

    Nazym айтады,

    riza bolip otirmin menin dostarim Akbantiktin arkasinda alista jurip uydin koldin damdi tamagin ishkenderine…

    Akbantik sen ar ulttin tagamin keremet jasaitinina kozim jetip otir :) molodez :)

  7. 7

    Nazym айтады,

    aytpakshi osi men balik tandai almaimin… TUNA degendi Almatidan kay jerden aluima boladi…

    P.S. bir balik alam da holodilnikte salip koyam… tuk jemeim sebebi damsiz siyakti korinedi…balik tandap uyrene almadim..ili jaksi balik bizde jok pa?

  8. 8

    akbantik айтады,

    Tunany kez-kelgen supermarketterden tabuynga bolady. Almatyda kop koi, konservnyi bankada bolady.

    kelesi joly balyk alsang holodilnikke salyp koima, srazu kuyryp je, sonda damin sezesing :)


RSS пікір · Ізімен аңдуURI

Ойыңызды айтыңыз