Өткен жексенбі күні Корей халқының Жаңа Жыл мерекесіне орай өткізген шет елдіктерге арналған фестиваліне барып қайттық. Корейлер қонақжайлылығын танытып, келген қауымға арнап дастархан жайып, ұлттық тағамдарынан да дәм татқызды. Сол дастарханнан Сіздерге сарқыт болсын, алған суреттерді ұсынамын ![]()
Сондай-ақ, шет елдіктерге өздерінің ұлттық тағамдарының қалай жасалатындығы жөнінде аспаздық дәрістерін өткізді. Үйренем деушілерге тек теориялық жүзінде ғана емес, практикалык тұрғыда да сабақтар өткізді. Менде қатысып, ким-чиді қалай жасау керектігін үйрендім ![]()
Айтпақшыдай осы фестивальда Бахытнұр досымыз дүниенің төрт бұрышынан жиналған қауымға елімізді таныстыру мақсатында presentation қойды, соңында қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй тартып, Корей халқын бір тамсандырып тастады. Бахытнұрға респект

Күріштен жасалған, Корейлердің тәттісі.

Ким-чи

Жұмыртқадан жасалынған (арасында саңырауқұлақ бар)

Мынау фунчеза салатына ұқсайды, бірақ ішінде еттің орнына теңіз капустасы қосылған.


Мынау неше түрлі өсімдіктер. Төмендегі кішкентай күлшелердің арасына қалағаныңызды салып, орап жейсіз.


Әрине ақ күріштері мен ким жапырақтарынсыз Корейлердің дастарханын елестету мүмкін емес. Күрішті ким жапырақтарына орап жейді.

Мынау тағамның атын ұмытып тұрмын
есіме түскенде жазармын. Өтеее ашты тағам.

Корейлердің ең сүйікті тағамдарының бірі ТОК. Бұл да күріштен жасалады. Жасалу процесі өте күрделі екен.


Ал мынау мен ким-чи жасап жатқан.
elvira айтады,
Ақпан 13, 2008 @ 8:30 тд
kim-chidin jasaluin step-by-step korsetip jazshi pls. jasap korgim keledi. uydin kasinda korey magazin da bar, kerek zattardi sol jerden alarmin
technosyndrom айтады,
Ақпан 13, 2008 @ 12:06 тк
Көзіміз онсыз да үлкен емес еді, Ақбантиктің тағамдарынан кейін тіпті сығырайып қалатын шығар…
zhaina айтады,
Ақпан 13, 2008 @ 1:53 тк
Salem Banu
Kimchidi kaityp isteudi jazshy
Sosyn bizdin kurishpen sol TOKdy isteuge kele me
akbantik айтады,
Ақпан 15, 2008 @ 5:46 тд
salem! kim-chidi jakyn kunderi jazamyn ins kalai isteu kerektigin.
Jaina apai Tokty jasau ushin bizding kurishter jaraidy dep oilaimyn. mende recipi bar, berein kajet desengiz. Jasap koringiz unatsangyz.
zhaina айтады,
Ақпан 15, 2008 @ 5:14 тк
rahmet. Retseptin jibershi.
Sen baryn jep uirendin be. Etti sagyndyn ba.
janarai айтады,
Ақпан 27, 2008 @ 1:11 тк
атаулары қиын тағамдар екен. Бірақ жегенде тәтті болар. Ақбантик осы корейліктердің тағамдары неше түрлі. Корей фильмдерін көріп отырғанда олар үнемі күріштен жасалған тағамдарды жейді, неге?
Лира айтады,
Ақпан 27, 2008 @ 5:06 тк
Көп, көп рахмет!
Осы тағамдарды жасағанда жолдасыма ұнағаны үшін қуандым.
Бұрынғы заманда келіндер енесінен үйренуші еді
Лира айтады,
Ақпан 27, 2008 @ 5:07 тк
Қазір мен инеттен үйреніп жүрмін.
Көп, көп рахмет
бірақ, біздің отбасы ет тағамдарын көп жақсы көреді.
Сондықтан ет тағамдары көөөөөп болса екен
Еттен қашқан қай қазақ?
akbantik айтады,
Наурыз 24, 2008 @ 4:55 тд
Лира пікірлерің үшін көп-көп рахмет!!!
Жолдасыңа ұнағаны үшін қатты қуандым!!! Үнемі келіп, бізді де, жолдасыңды да қуантып тұр
Дұрыс айтасың еттен қашатын қазақ жоқ, мен де сол ет сүйер қазақтың бірімін. Бірақ шындығына келгенде сол жілік-жілік, қазан-қазан қылып асып жейтін етіміздің біздің ден-саулығымызға пайдасы шамалы-ау. Корей халқының жасы үлкендері өте жас көрінеді. 60 жастағы қариялары доп теуіп, футбол ойнап жүргендерін көргенде қайран қаламын, отырып-тұруы қиындап кеткен біздің 60-тағы аталарымыз еріксіз еске түседі. Корейлерден қалай жас көрінетіндігінің құпиясын сұрасам, бәрі тағамдарымыздан дейді. Онысы рас, су жәндіктері мен теңіз өсімдіктері адамның денсаулығына пайдалы барлық витаминдерден тұрады. Күнімен сондай тағамдар жеген адамның денсаулығы әріне жақсы болады емес пе?!