Балық сорпасы

  • 1 тал пияз
  • 200 гр. ким-чи салаты
  • 200 гр. ай құлақ (clams)
  • 300 гр. балық. (сүйегі жоқ болу керек)
  • 100 гр. шаян (shrimp)
  • жусай
  • 2 ас қасық зейтүн майы
  • тұз
  • 1л.су

Корей асханасының тағы бір ерекшелігі: тағамдары жылдам әзірленетіндігімен және минералға бай су жәндіктерімен жасалатындығы.
Бұл сорпа бар-жоғы 20 минуттың ішінде әзір болады.
Қыздырылған зейтүн майына ірілеу туралған пиязды жақсылап қуырамыз. Пияз қуырылып дайын болған кезде ким-чи салатын салып, 1 минуттай ғана қуырып аламыз да, қазанға су құямыз. Қазан қайнаған кезде балықты турап саламыз, ай құлақтарды да бірге салып, 15 минут қайнатамыз. Дайын болды-ау деген кезде жусайды салып, тағы 5 минуттай қайнатамыз, татымына қарай тұз саламыз.
Сорпамыз дайын, қасына міндетті түрде бір шыны піскен күріш қоясыз. Себебі, Корей елінің сорпаларын күрішсіз ішуге болмайды. Күрішті алдын-ала бөлек пісіріп алуыңыз қажет. Күрішті сорпаға салып ішесіз немесе ким жапырақтарына орап жейсіз.
Астарыңыз дәмді болсын!

9 жауаптар қазірге дейін »

  1. 1

    tomiris айтады,

    жусай деген не? Орысшасы немесе суретімен қоясың ба?
    Мына тағам қызық екен…
    Морская капуста бар екен солай ма?

  2. 2

    technosyndrom айтады,

    Осы балықты қылқанынан оп оңай айырып алатындай асу тәсілі бар дейді, рас па? Сазан мысалында.
    Сосын, сазанды селедка сияқты қылып тұздағанын жеп көрдіңдер ме? Тәп-тәтті!

  3. 3

    akbantik айтады,

    Tomiris jusaidyng suretin ilip koidym. Tengiz kapustasy jok sorpanyng ishinde.

    Technosyndrom sazannyng seledkasyn jep kormeppin, mmm siz adamnyng tabetin kozdyrdyngyz-au kaidagylardy eske tusirip. Jalpy seledkany katty jaksy korem. Koreada seledka satylmaidy, bul halyk seledka jasaudy bilmeitin siakty.

  4. 4

    akbantik айтады,

    Жусайдың орысшасы- лук душистый, ал халық арасында дикий лук деп те айтылады. кейде тіпті, Джусай деп те атайды орыстар.

  5. 5

    Janarbek айтады,

    Erlan ras deidi. Ozim kalai istegenin bilmeimin.

    Ol endi sazandy emes kop balyktardy solai tuzdep jeimiz goi :)

  6. 6

    tomiris айтады,

    аааа буны жусай дейди ма? Бизде баскаша айтады екен, рахмет. Техносиндром селедканы неге айттын силикейим шубырып кетти гой юююю…..

  7. 7

    janarbek айтады,

    Men negizi bes parmaktan osy shaindardy jaksy korem :)

  8. 8

    Konil Ashar айтады,

    oooo Bantik mynau sorpa menin suikti sorpam goi
    Janarbek siaqty mende et pen jaimaga qaraganda osyndai shaiandar unaidy:)
    Tofu qosyp jiberse de keremet bolatyn narse eken..
    satti shyqqan narse eken..

    biraq bul shynymen de teniz jagasynda turganda jasaityn narse:)
    Bizde andagy shrimpter udai bolady goi bagasy:)
    ol Korea japoniada shygar 100-200 tengege aluga bolatyn:)
    Rahmet receptke
    Konil Ashar

  9. 9

    akbantik айтады,

    Bul jakta da 100-200 tengege eshteme kelmeidi Konilashar :) ainalamyz korshagan tengiz bolsa da balyk-shayandar ote kymbat.
    ia tofu kosugha bolady, endi ol talgamga karai arine. Biz tofudy unatpaimyz, sondyktan men tamakka tofudy esh kospaimyn.


RSS пікір · Ізімен аңдуURI

Ойыңызды айтыңыз