- 1 кішілеу қызылша
- 1 картоп
- 1 сәбіз
- 1 кішкентай пияз
- 2 тал тұздалған қияр
- зейтүн майы және тұз
Қызылшаны және картоп пен сәбізді қайнатып аламыз. Жоғарыдағы көрсетілген қоспалардың барлығын кішілеу кубиктер ретінде тураймыз. Ал, пиязды ұсақтап тураған жөн. Енді туралғандардың барлығын араластырамыз да, зейтүн майын және татымына қарай тұз қосып, қалауыңызша сәндеп, дастарханыңызға қойып, жей беруіңізге болады.
Бұл салатқа мандариндердің ешқандай қатысы жоқ, мен жәй, сән болсын деп қойғаным ғой.

elvira айтады,
Желтоқсан 6, 2007 @ 11:52 тд
қияр орнына тұздалған қырыққабат қолданылғанда винегрет дер едім. Маш!
Мандариндері лимонға ұқсайды екен.. (түрлері)
Anar айтады,
Желтоқсан 8, 2007 @ 5:16 тд
Ал мен апельсин деп ойладым…
Айнур айтады,
Қазан 13, 2008 @ 12:28 тк
Акбантик саган рахмет, бул рецептілер кунделікті колдануга келетіндігі куантады
Умітжан айтады,
Қазан 22, 2009 @ 12:45 тк
Маган унады!жаксы!