
Фарштан жасалынған ұя.
- 500 гр. фарш (қалаған етіңізден)
- 1 пияз
- 1 сәбіз
- 5 жұмыртқа
- тұз
- қара бұрыш
Пиязды ұсақтап тураймыз, сәбізді үккіштің ең кішкентай көзінен өткіземіз.
Еттің фаршына пияз бен сәбізді және бір жұмыртқаны араластырып, татымына қарай тұз бен қара бұрышты қосамыз.
Енді осы дайын болған фаршты төртке бөліп, ұялар жасаймыз. Ұялардың ішін тереңірек қылып, арқайсысына жұмыртқаларды жарып құямыз.
180гр. 40 минут пісіреміз.
Алма маффиндері
Елвираның Highly recommended еткен маффинін жасадым. Нәтижесі тамаша шықты. Мен де сіздерге жасап көріңіздер деп кеңес етемін!!! Рецептін көшірмесін қойдым.
-
1 стакан ұн
-
1 шәй қасық ас сода
-
2 ш.қ. разрыхлитель
-
жарты ш.қ. тұз
-
1 стакан қант
-
2 жұмыртқа
-
100 гр сары май немесе 50 гр сүйық май
-
қабығы аршылып, үккіштен өткізілген 1 үлкен алма
Бір ыдыста еленген ұн, сода, разрыхлитель мен тұз араластырыңыз. Бөлек ыдыста жұмыртқаны кем дегенде 4 минут миксерлеп, қант қосып тағы 4 минут араластырыңыз. Май қосыңыз. Үккіштен өткізілген алма қосыңыз. Осы қоспаға ұн+сода+разрыхлитель+тұз қоспасын қосып жәйлап араластырыңыз. Көп араластырмаңыз. 220С алдын ала қыздырылған духовкада 20 минуттай пісіріңіз.
Маффиндерде алманың дәмі ерекше сезіліп тұрады, бірақ алмалардың өздері көрінбейді.
Менде тура 12 маффин шықты.
Жент
Жент қазақтың ұлттық тағамы. Сірә бізден басқа ешбір ел жасамайтын болса керек, тіпті Қазақтардың ішінде де кеңге таралмаған, бірі білсе бірі білмес.
Бала күнімде есімде жентті апам ауызашарға дайындап жататын. Ал қазір бұл тағам біздің үйдің дастарханынан үзілмейді, мамамның жентін сағынатындығымыз соншалық, шет елге де асырып жатамыз, ешбір кедендік бақылаудан қорықпастан
- 0,5 кг тары талқаны
- 0,5 кг шекер
- 300 гр. қара мейіз
- 300 гр. ерітілген сары май
Жоғарыдағылардың барлығын жақсылап араластырып, дайын болған жентті суық жерге қоямыз. Жент қатқан соң кесіп-кесіп, дастарханға қойып, жей беруіңізге болады.
Қара мейіз үйде таусылып қалған соң сары мейіз қосқан едік суретте көрінбей қалыпты
Ертегі торты
Бала күнімізде жейтін <<Сказка>> торты көпшілігіміздің есімізде болар. Міне сол торттың рецептін бөліскелі отырмын. Түрі ұқсамағанымен, дәмі дәл өзі
-
3 жұмыртқа
-
1,5 стақан шекер (300гр.)
-
200 гр. сары май
-
1,5 стақан қаймақ.
-
1,5 стақан ұн (300 гр.)
-
1,5 шәй қасық сода
-
0,5 сатқан мейіз
-
0,5 стақан мак
-
0,5 стақан ұнтақаталған жаңғақ
Крем:
- 1 банка татті сүт (сгущенка)
- 200 гр. сары май
Жұмыртқа+шекер+сары май+қаймақты араластырып, жақсылап миксерлейміз. Енді осыны 3 ыдысқа теңдей бөлеміз.
Бөлек табада 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан макты араластырамыз.
Осы ұн қоспасын бірінші табаға араластырамыз.
Тағы 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан мейізді араластырамыз.
Бұны екінші табаға араластырамыз.
Тағы 0,5 стақан ұн мен жарты шәй қасық соданы және 0,5 стақан ұнтақталған жаңғақты араластырамыз. Бұны үшінші табамен араластырамыз.
Кезек-кезек арнайы торт пісіретін формаға құйып, 180 гр. 30 минуттан пісіреміз.
Крем үшін бір банка тәтті сүт пен сары майды жақсылап миксерлеңіз. Нандардың арасына, бетіне жағып, торттың бетіне жаңғақ ұнтақтары, шоколад ұнтағы және тәтті нан ұнтағынан себіңіз. Қалауыңызша сәндеңіз.
Банана маффиндері
- 2 жұмыртқа
- 3 банана
- 2 стақан ұн
- 0,5 шәй қасық тұз
- 1 стақан шекер (200 гр.)
- 0,5 шәй қасық сода
- 1 шәй қасық разрыхлитель
- 1/3 стақан май
Бананаларды еземіз. Бір ыдыста ұнды, соданы, разрыхлительді және тұзды араластырамыз.
Бөлек ыдыста жұмыртқа мен шекерді жақсылап миксерлейміз, осының үстіне езілген бананаларды және майды қосып, араластырамыз. Енді бірінші ыдыстағы ұн қоспалары мен екінші ыдыстағы қоспаларды біріктіріп, жақсылап араластырамыз да маффин құятын ыдысымызға қасықтап құямыз.
190 гр. = 20 минут пісіреміз.
Шамамен 12 маффин шығады.
Жамчи Ким-Чи Пукымбап
Яғни Күрішпен араласқан Туна мен Ким-Чи дегенді білдіреді ![]()
Жасалынуы оңай, әрі жылдам. Біздің сүйкті тағамдарымыздың бірі.
-
3 стақан күріш
-
200 гр. ким-чи
-
300 гр. туна балығы
-
0,5 банка жасыл бұршақ
-
1 пияз
-
сұйық май
-
тұз
-
жұмыртқа
Қазанда майды қыздырып, ірілеу етіп туралған пиязды 1 минуттай ғана қуырамыз. Үстіне ким-чиді салып тағы 1 минуттай ғана қуырып, 3 стақан су құямыз. Қазан қайнаған соң тұз салып, алдын-ала жуылған күрішті салып қайнатамыз. Күрішіміз суға сәл ғана батып тұруы қажет. Қазан қайнаған соң, оттың астын пәсейтіп, күрішті демдейміз. Күрішіміз пісті-ау дегенде туна мен жасыл бұршақты араластырамыз. Енді тағы 5-10 минутқа демдеп қоямыз.
Ал жұмыртқаны адам санына қарай бөлек ыдыста қуырамыз. Тағам дайын болып, жеке-жеке ыдысқа салынғанда, қасына жұмыртқадан қоямыз. ![]()








